Биылғы жылдың ақпанының 6-сына қараған түнінде Түркияның оңтүстігіндегі Газиантеп қаласы маңында 7,8 шамасында жер сілкінісі болды. Газиантеп Сирия шекарасына дейін 50 км-ге жетер-жетпес жерде. Түркияның, Сирияның бірқатар қалаларында ондаған үйлер құлап, мыңдаған адамдар қаза болып, кейбіреулері жарақат алды. Түс әлетінде Түркияда тағы бір жер сілкінісі 7,7 магнитуда, одан кейін тағы да 6,0 магнитуда деңгейінде жер сілкінді.

7,8 шамасында бірінші жер сілкінісі таң ата болды. Бұл 1939-шы жылдан бергі ауыр зардап болды. Одан кейін Түркияда 32 рет дүмпу болды. Сирияда да жер сілкіну орын алды.

Басқа елдерде де, мәселен Ливанда, Армения – Грузия шекарасында да жер асты дүмпу байқалды.

Түркияда 7 мыңнан астам адам қаза болды. 20000-нан астам зардап шекті. Сирияда 656 адам қаза болды, 1400 адам жарақат алды.

Түркия елінде 13 ақпанға дейін аза тұту күні жарияланды.

Түркияда қауіптің жоғарылығына орай, ел үрейге бой алдырды. Болған жай ел президенті Эрдоғанға хабарланды. Сирия Президенті Башар Асад апаттың зардабын анықтау үшін шұғыл түрде Министрлер кеңесін шақырды.

Ердоған бұл оқиғаны 1939-шы жылғы жер сілкінісінен кейінгі орасан апат деп атады.

7,7 шамасындағы екінші жер сілкінісі түс әлетінде Түркия орталығында орын алды. Іле-шала 5,7 шамасында 18 жер дүмпіген.

Сирияның Баниас қаласындағы ірі мұнай өңдеу зауытының құрал- жабдығы зақымдалып, жұмысын тоқтатқан, мұнай өнімдерінің сыртқа ағып кетуі орын алған.

Хатай провинциясындағы Тонбо- газы ауылында газ құбыры жарылып, екі жерде өрт болған.

Түркияның Газиантеп провинциясында ЮНЕСКО тізіміндегі бекініс қираған. Сирияда Алеппо тарихи орны зардап шеккен.

Хатай провинциясындағы әуежайдың жалғыз ұшу-қону алаңы жарамсыз болып қалған.

Кахраманмараш пен Газиантеп қалаларының әуежайлары азаматтық әуе рейстерін тоқтатып, тек зардап шеккендерге көмек рейстеріне қызмет көрсете бастады. Искендерун порты зардап шегіп, уақытша жабылған.

Түрік мектептерінде сабақ тоқтады.

Ресей, Израйль, Украина, АҚШ, Үнді, Азербайжан, Польша, Болгария, Иран, Пәкістан елдері көмек қолын созуға әзір екендіктерін мәлімдеді. Еуроодақ та.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған