ЖЕКЕ КӘСІП ИЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Жұмыспен қамту орталығы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны» іске асыру аясында мемлекет тарапынан грант алып кәсібін бастап отырған жастар мен көп балалы аналармен кездесті. Кездесуге Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының, қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу жөніндегі қызметтер бойынша менеджер кеңесші Балмаханов Асылхан Тимурұлы қатысып, мемлекеттің шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету, мемлекеттің басты мақсаттарының бірі ретінде екенін айтты. Басқосуда бұл осы грантты алып кәсіпкерлігін бастағандар, белсенділікті оның ішінде кәсіпкерлікті қаламен ауылдық жерде арттыруға бағытталғанын және заңға сәйкес жұмыс жасау керек екенін жеткізді. Қазіргі таңда Қызылорда қаласы бойынша 2022 жылы, бағдарлама аясында 1миллион 225 мын 200 теңгені 814 азамат оның ішінде жастар, көпбалалы және табысы аз отбасылардың мүшелері, еңбек етуге қабілетті мүгедектер, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар мемлекеттік тарапынан қаржысын алып кәсіп ашып жұмысын бастап отыр. Кестесуге қатысқан кәсіпкерлер өз ұсыныстарын білдіріп, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған