Жалағаш ауданының әкімі А.Есжанов халықпен кездесу үшін елді мекендерді аралап жүр.

Жалпы аудан әкімінің елмен кездесуі, елді мекендерді аралауы жұртшылық үшін үйреншікті жайға айналды. Бұрыннан қай қызметте жүрсе де ел ішінен көрінбей, кабинетте қамалып отыратындар қатарынан емес. А.Есжановты кент, ауыл көшелерінен, егін алқаптарындағы атыз, арық басынан, салынып жатқан құрылыс алаңдарынан көруге болады.

Есесіне елде жасалып жатқан тіршілік көп. Елмен көп кездескен әкімнің көп ісі артық.

• Жалағаш кентінде ұзындығы 81,3 шақырымды құрайтын барлығы 71 көше бар. Оның 31,5 шақырымы, яғни 39 көше Дәуімбай елді мекенінде орналасқан. Барлық жолдың 66,14 шақырымы асфальтталып, 10,79 шақырымына тас төселген. 6,5 шақырымы қара жол.

Жалағаш кенті, Бектібаев көшесі
Құрылыстың мерзімі
Басталуы – наурыз 2023. Аяқталуы – қазан 2023

• Ағымдағы жылы кенттегі 11 көшені күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Қосымша кент тұрғындарының ұсынысына сәйкес Өмірбай шешен көшесі қайта тегістеліп, тас төселді. Сәрке батыр көшесінің тұйығында тұратын халықтың тілегі орындалып көшеге жарықтандыру және тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Жалағаш кентіндегі ПМК-09 көшесіне тас төсеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

• Жалағаш кенті М.Шәменов көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары бойынша ескі жолды қырып, құм аралас тас төселіп, жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Мұнан бөлек З.Ижанов, Т.Әбжалиев, Жеңістің 50 жылдығы, А.Қазыбеков, Қ.Нүрпейісов, Желтоқсан, Мысық би, А.Бектібаев, І.Нүркенов, И.Панфилов барлығы 10 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жалағаш кенті, А.Қазыбеков көшесі
Құрылыстың мерзімі
Басталуы – наурыз 2023. Аяқталуы – қазан 2023.

• Сондай-ақ, Жалағаш кентінен теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысы 2023 жылдың мамыр айында басталды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары мердігер мекеме тарапынан құрылыс нормалары бойынша бекітілген құрылыс жұмыстарының кестесіне сәйкес жүргізілуде. Бүгінгі күнге мамандандырылған мекемемен теміржолдың оңтүстік бетіне тіреу конструкцияларын (свайларды) орнату жұмыстары толығымен аяқталып, солтүстік жағына орнату үшін тиісті жұмыстар атқарылуда.

• «Наркескен» спорт клубы және аудандық орталықтандырылған кітапхана ғимараттарын табиғи газға ауыстыру жұмыстары жақын арада басталады.

• Жалағаш кентіндегі «Ақтерек» учаскесіндегі инженерлік инфрақұрылымның сумен жабдықтау құрылысы пайдалануға беріліп, газбен жабдықтау үшін құрылыс-монтаждау жұмыстары іске асырылуда.

• Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына тұрғын үй қорынан 50 тұрғын үй сатып алу үшін жер учаскелері белгіленіп, құрылыс жұмыстары басталды.

Жалағаш кенті, М.Шәменов көшесі
Құрылыстың мерзімі
Басталуы – наурыз 2023. Аяқталуы – қазан 2023.

• Аудан орталығынан шалғайда орналасқан Аққыр ауылында елеулі істердің қатары көп. Ауылға аяқ су мәселесін реттеу үшін 2 су насосы алынып, жаңадан қазылатын және насос орналастыру аймағының жер телімін рәсімдеуге аудандық бюджеттен 4226,0 мың.теңге қаралды. Қазіргі таңда аяқ суға байланысты жоба-сметалық құжат әзірлеуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінді.

• Жаңаталап және Т.Жүргенов ауылдарына 2 техникалық су ұңғымаларын бұрғылау құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, 1 ұңғыманың бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары бүгінгі күнге 70 пайызға орындалып тұр.

• Т.Жүргенов ауылдық округі «Т.Жүргенов атындағы саябағын» абаттандырылып, қазіргі таңда қабылдау комиссиясы түгендеу жұмыстарын жүргізуде. Т.Жүргенов елді мекенінің балалар ойын алаңын ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталып, нысан пайдалануға берілді. Т.Жүргенов көшесіне тас төсеу жұмыстары аяқталып, қабылдау комиссиясы түгендеу жұмыстарын жүргізуде. Ауылдық клуб ғимаратына бейне камера орнату үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

• Ауданда атқарылып жатқан жұмыстардан бөлек кезең-кезеңімен шешім табатын мәселелер де жоқ емес. Мәдениет ауылында аудан әкімімен кездесуінде тұрғындар аяқсудың жетіспеушілігін айтты. Аудан басшысы халықтың ұсынысын назарға алып, сала бойынша жауапты орынбасары А.Байнахатовқа су келтіру жолдарын талдап, шешім қабылдауды тапсырды. Мәдениет ауылында 2 көшеге тас төселіп, елді мекенде су тарату жүйесінен аулаішілік су тарату желісінің құрылысы жасалып, қазіргі таңда қабылдау комиссиясы түгендеу жұмыстарын жүргізуде.

• Мырзабай ахун елді мекеніндегі тұрғын үйлер секторының электр желілерінің құрылысы және 100 орындық ауылдық клуб құрылысы бюджеттік нақтылауға ұсынылды. Сондай-ақ, Мырзабай ахун ауылының тұрғындарына 2023 жылы дәрігерлік амбулатория құрылысы салынып, пайдалануға берілетін болады.

• Ақсу елді мекеніне газ тарату желілерінің және жеткізуші газ құбырының құрылысына облыстық бюджеттен 20,0 млн.теңге бөлініп, мердігер мекеме анықталды. Елді мекеніндегі тұрғын үйлер секторының электр желілерінің монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Ақсу ауылына кіреберіс аудандық маңыздағы автомобиль жолы 2023 жылы орташа жөндеуден өтеді.

• Қаракеткен ауылдық округіндегі дәрігерлік емханаға 2023 жылы «Жедел-жәрдем» көлігі беріліп, құны 85,5 млн. теңгеге елді мекеннің электр желілері құрылысын жаңарту жұмыстары басталып, қазіргі уақытта электр бағаналары орнатылуда.

• Сондай-ақ, 2023 жылға Қаракеткен, Далдабай елді мекендерінің 12 көшесін күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 3,6 млн. теңге қаржы қаралды. Бұл ауылда аяқсу мәселесі енді туындамайды. Себебі, техникалық су ұңғымасын бұрғылау жұмыстарына бюджеттен 33,1 млн. теңге бөлінді.

• Ілкімді жобалар М.Шәменов ауылында да қолға алынған. Елді мекенді газдандыру жұмыстары жуырда басталады. Сондай-ақ, 2023 жылы ауылдық округте Бұқарбай батыр көшесі күрделі жөндеуден өтеді.

• Сонымен қатар 2023 жылы Бұқарбай батыр ауылының 3 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары басталды. Қосымша 11 көшесінің құрылысына және 16 көшені жарықтандыруға жоба-сметалық құжаттар дайындалды.

• Бүгінде Таң ауылдық округінде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, күл-қоқыс тастайтын контейнерлер жасалды. Тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын полигон қоршалды. Аяқ су айдайтын насос сатып алынды. Таң ауылы ішіндегі 3 көшеге жасанды жол кедергісі белгілері орнатылды.

• Ерте көктемнен егістің қамына кіріскен жаңадариялықтар «Іңкәрдария» каналының 7,5 шақырымына тазалау жұмыстарын жүргізіп, бүгінгі күні Жаңадария ауылдық округіндегі “Игенбай”, “Атжайған” учаскелеріне картоп, бақша дақылдарын орналастырған. Халықтың еңбегін ескерген аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойынан бау-бақша өнімдерін сатуға жер белгіленіп, жуырда шағын базар құрылысы басталады.

Қазіргі таңда ауыл халқының ұсынысына сәйкес балалар ойын алаңының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

• Есет батыр ауылының тұрғындары үшін жоба құны 410,1 млн. теңгені құрайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы осы айда басталады. Бүгінгі күнге дейін ауыл тұрғындары көтеріп келген ауыз су мәселесі, Есет батыр ауылының 5 көшесін күрделі жөндеу және тұрғын үйлер секторының электр желілерінің құрылысы бойынша жоба-сметалық құжаттары дайындалып, республикалық бюджетке ұсынылған.

• 2023 жылы Еңбек және Аққұм ауылдарының ішкі көшелерінде орналасқан түнгі жарықшамдар заманауи түрлі-түсті кескіндегі шамдармен ауыстырылды. Елді мекендегі санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылып, күл-қоқыс полигонын қоршау жұмыстары жүргізілуде.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған