Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысында өңірдегі бірқатар кәсіпорындағы жұмысшылардың еңбек жағдайы туралы мәселе талқыланды.

Кез келген мекемеде жұмыс ырғағы қалыпты, еңбек өнімді болуы үшін ұжым мүшелеріне лайықты жағдай жасалуы керек. Жеткілікті әрі уақытылы жалақы төлеу, әлеуметтік көтермелеу шараларын тұрақты жүзеге асыру өте маңызды.

Жиында «Торғай Петролеум» АҚ, «АГМ-Табыс» ЖШС, «Қамқор Вагон» ЖШС секілді бірқатар кәсіпорын мен ұйым басшылары қазіргі жағдайларын баяндады.

Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы кәсіпорын, мекеме, жауапты сала басшыларына бірінші кезекте жұмыс[1]шылардың әлеуметтік жағдайына баса көңіл бөлу керектігін ескертті.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек адамын құрметтеу, өз ісін сапалы атқаратын адамдарды үнемі көтермелеу туралы тапсырып келеді. Кез келген мекеменің тірегі – оның қызметкерлері. Сондықтан ұжым мүшелерінің еңбек жағдайларын жақсартуға барлық мүмкіндік көздерін қарастыру керек, – деді аймақ басшысы.

Мәжілісте айтылған мәселелерге облыс әкімі жеке-жеке тоқталып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған