Облыс орталығында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен заманауи үлгідегі 8 мектеп салынады.

Қызылорда қаласында үш ауысымдық оқуды болдырмау мақсатында аймақ басшысының қолдауымен облыстық бюджеттен бөлінген 2 млрд 646 млн теңгеге Абай атындағы үштілді мектеп, С.Толыбеков атындағы №3, Ә.Мүсілімов атындағы №101 және Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейлерінің бастауыш сыныптарға арналған қосымша ғимараттары салынды. Олар жаңа оқу жылында пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, облыс орталығында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен заманауи үлгідегі 8 мектеп салынады. Биыл олардың бесеуінің құрылысы басталды. 

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған