Сөз басы: Жыл басында облыс әкімінің төрағалығымен аймақтағы білім беру ұйымдарындағы білім сапасы мен тәрбиесі мәселесіне орай кеңейтілген мәжіліс өтті. Сол мәжілістің жалғасындай Күні кеше Өңірлік коммуникация орталығында облыстық білім басқармасының басшысы А.Есжанов брифинг өткізді. Басқарма басшысы барды бар деп, жоқты жоқ деп нақты айтты. Бала білімі мен тәрбиесі баршамызға тән болғандықтан А.Есжановтың айтқандарын газет бетінде толықтай жариялағанды жөн көрдік.

Ұстаздың біліктілігін мерзімінде арттыруы мен заманауи технологияларды қолдана білуі білім алушылардың оқу сапасын жақсартып, ұстаздарды ынталандыратындығын назардан шығармауымыз керек.

Білім беру ұйымдарындағы тәрбие беру саласына жүргізілген зерделеу бойынша да бұл салаға жеткілікті мән берілмегенін көрсетіп отыр.

Мысалы, тәрбие мамандарына біліктілік арттыру курстары жүргізілмеген, оларға сала бойынша әдістемелік көмектер берілмеген, жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында тәрбие саласына қатысты жоспарлау отырыстары өткізілмеген. Нәтижесінде, білім мекемелеріндегі тәрбие жоспарлары бұдан 5-10 жыл бұрын қабылданып, бүгінгі күні мәнін жоғалтып, күші жойылған нормативтік актілерді басшылыққа алып жасалған күйі қолданылып келген.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында (45-бап) білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі нақты бекітілген.

Басшы заңдардағы тәртіппен білім алушылардың,қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны, өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны үшін, білім беру стандартының талаптарын, оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы, арнаулы жағдайлар жасамағанына, қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағанына, нормативтік құқықтық актілердің орындалуына жауаптылықта болады. Ұйымдарда тиісті салалар бойынша орынбасарларға жұмыс жүктемесі бекітіледі.

Бұл ретте мектеп басшысы мекемеге жауапты бірінші тұлға ретінде орынбасарлардың жұмысын үйлестіруге, сапалы біліммен қамтамасыз етуге, қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, оқушы қауіпсіздігіне, олардың бас амандығына, түрлі келеңсіз жағдайларға ұшырамауы үшін қажетті шараларды дер кезінде қабылдауға, ата-анамен байланыс орнату, педагогтардың кәсіби дамуына жағдай жасауға, педагогикалық әдеп нормаларын қатаң сақтауға міндетті. Талап үдесінен шыға алмаған басшыларға қатысты шешім қабылдаймыз. Себебі, мың немесе бес жүз баланың тағдырынан бір директордың тағдыры артық емес.

НӘТИЖЕ КӨРСЕТПЕГЕНДЕР НЕГЕ КӨП?..

Өткен жылдың қорытындысымен жалпы орта білім беретін мектептердің рейтингісі жасалды. Рейтингте мектептердегі білім сапасы, Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы, оқушылардың олимпиада, ғылыми жоба, спорттық сайыстардағы нәтижелері, балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың тіркелуі, педагогтардың кәсіби байқаулар мен сайыстардағы жетістіктері сарапталған.

275 жалпы орта білім беретін мектеп бар. Оның 4-і бастауыш, 16-ы негізгі мектеп. 275- тiң жоғары деңгейлісі 30 , яғни 11,3 %, 129-ы орта деңгейлі, яғни 46,5 %, төмен деңгейлі 116 , яғни 42,2 % мектеп қалыптастырылды. Мектептердің 88,7 % , яғни 244 мектеп орта және одан төмен деңгейде болып отыр.

Қорытындысында облыс көлеміндегі санаулы мектепте ғана жұмыстың жолға қойылғандығы, басым бөлігінде жүйелі жұмыстың жоқ екендігі байқалды.

Рейтинг нәтижесімен 81, яғни 29,4 % мектепте соңғы үш жыл көлемінде оқушылардың да, ұстаздардың да облыс деңгейінде бірде-бір нәтиже көрсетпегені анықталды.

Арал ауданында 48 мектептің 23-і, атап айтқанда №№18, 20, 22, 58, 59, 61, 63, 66, 72, 74, 75, 76, 77, 81, 200, 227, 230, 231, 237, 248, 263, 265, 281-ші мектеп, Қазалыда 38 мектептің 13-і, атап айтқанда №№90, 94, 96, 97, 100, 103, 104, 134, 146, 182, 190, 238, 259 мектеп, Қармақшыда 30 мектептің 2-і, атап айтқанда №№30, 79-шы, Жалағашта 20 мектептің 2-і, атап айтқанда №№114, 115-ші мектеп, Сырдарияда 17 мектептің 1-і, атап айтқанда №191-ші мектеп, Шиеліде 38 мектептің 16-сы, атап айтқанда №№40, 84, 133, 141, 142, 151, 155, 157, 159, 205, 206, 207, 214, 241, 243, 251-ші мектеп, Жаңақорғанда 44 мектептің 18-і, атап айтқанда №№55, 86, 89, 161, 166, 167, 168, 184, 192, 193, 196, 208, 213, 221, 223, 224, 229, 247-ші мектеп, Қызылорда қаласында 57 мектептің 6-ы, атап айтқанда №№8, 175, 178, 215, 280, 282-ші мектепте нәтиже жоқ.

Осының ішінде, 7 мектепте бірде-бір нәтиже көрсетпегенінен бөлек, теріс бағыттағы жағдайлар орын алған.

Мәселен Арал ауданындағы №248-ші мектепте мектепте аяқталған суицид, Шиелі ауданы №40-шы мектепте оқушылар қаңғыбастықпен есепте тұрса, №205-ші мектепте, №214- ші мектеп оқушылары профилактикалық есепке алынған, дәл осындай көрсеткішпен Жаңақорған ауданының №168-ші мектепте, №192-ші мектептері бар, Қызылорда қаласы №8 мектепте қаңғыбастыққа бейімділікпен есепте тұрған оқушы тіркелген.

Мемлекет тарапынан барлық білім беру ұйымдарына теңдей мүмкіндіктің жасалып жатқандығын ескерсек, нәтиже көрсетпеген мектеп басшыларының тиімділігіне бағалау жұмыстары жүргізудеміз.

БІТІРУШІ ТҮЛЕКТІҢ ЖАРТЫСЫ ГРАНТ ИЕГЕРІ

Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша өткен жылы мектепті 8 051 түлек аяқтап, оның 7219 – ы немесе 89,6 % -ы тестілеуге қатысты. Қорытындысымен білім беру гранты конкурсына қатысқан 6 418талапкердің 77,5 %-ы немесе 4973 түлек грант иегері атанды.

Биылғы жылы 8 285 оқушы мектеп бітіреді деп күтілуде. Қаңтар айында басталған ҰБТ-ға 7 340 (88,6 %) түлек қатысуда.

Ғылым және жоғары білім министрлігімен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, аймақта 5 тестілеу пункті ұйымдастырылды. Соның ішінде, Арал қаласынан жаңа тест тапсыру орталығы ашылды.

ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ҚАЙДА?

Олимпиада көрсеткіштеріне жасалған соңғы үш жылдың талдауы бойынша Арал – 40, Қазалы – 29, Қармақшы – 16, Жалағаш – 14, Сырдария – 10, Шиелі – 27, Жаңақорған – 42, Қызылорда да – 30 мектептен (барлығы – 208 мектеп) бірде-бір облыстық олимпиада жүлдегерлері шықпаған.

Оқушылардың ғылыми жобаларына да мүлдем қатыспаған мектептер бар. Арал – 34, Қазалы – 25, Қармақшы – 14, Жалағаш – 14, Сырдария – 6, Шиелі – 34, Жаңақорған – 35, Қызылорда да – 14 мектепте, барлығы – 176 мектепте үш жыл бойы олимпиада жүлдегерлері жоқ.

ЛИЦЕЙДІҢ ЖАРЫДАН АСТАМЫ ОРТА МЕН ТӨМЕН

Жалпы орта білім беретін мектептердің 58-і лицей, гимназиялар, атап айтқанда 47-і лицей, 11-і гимназия. Оның ішінде, рейтингтегі орта деңгейде 29: Аралда №62, Қармақшыда №279, Жалағашта №№31, 32, Сырдарияда №№35, 42, 129, Шиеліде №№46, 48, 127, 153, 252, Жаңақорғанда №№110, 195, Қызылордада №№1, 4, 7, 9, 10, 11, 12, 15, 136, 187, 212, 217, 235, 268, 278), орта дейгейде Қармақшы №105, №284, Қызылорда қаласындағы №282, №285 мектеп-лицейлері төменгі деңгейде.

Лицей, гимназиялардың жұмысына жан-жақты талдау жасалып, нәтижесі төмен мектептердің статусына қатысты нақты шешімдер қабылданады.

Лицей, гимназияларға қосымша жылына 1 500 сағат беріледі. Аптасына 44 сағат немесе 2,75 ставка*430 мың тг*12 ай =15 млн.тг.

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті рас[1]тайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» №473 бұйрығының талаптарына сәйкес, тиісті бейіндер бойынша жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесі лицей үшін 40 %-дан кем болмау керек.

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ ТӨМЕНДЕР ДЕ БАР

2022 жылы өткізілген Пиза халықаралық зерттеуінің қорытындысымен 24 мектеп, 1 спорт интернат, 5 колледж облыс көрсеткіші математикалық сауаттылық пәні бойынша республикалық деңгейден жоғары болғанымен, оқу сауаттылығы бойынша республикадан 13 баллға, жаратылыстанудан 18 баллға төмен.

Мәселен 24 мектеп: Аралдағы №№20, 22, 57, 61, Қазалыдағы №№88, 170, 204, 266, Жалағаштағы №№201, 202, Сырдариядағы №№35, 137, Шиелідегі №270, Жаңақорғандағы №№110, 208, 223, Қызылорда Абай мектебі, №№12, 101, 112, 212, 217, 261, 271 мектептер мен Жалаңтөс Бахадүр атындағы облыстық спорт интернаты, Қызылорда жоғары медицина колледжі, М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжі, Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледж, С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінің, Шиелі аграрлы-индустриалды колледжінің оқу сауаттылығы төмен болып отыр.

Осы ретте, орта білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында, халықаралық зерттеулердің тест тапсырмалары қамтылған цифрлық платформалармен дайындық жұмыстары қолға алынуда.

Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына арналған «Цифрлық ұстаз» жобасы іске асырылуда.

Жоба мақсаты – балалар үшін негізгі пәндер математика, физика, химия, биология бойынша білімдегі олқылықтарын толтыру үшін қосымша сабақтар ұйымдастыру

Осыған орай 2 пәннен қосымша сабақ беру бойынша жобаға қатысатын 239 мектептен 7-10 сынып аралығындағы 2 363 баланың тізімі нақтыланды. Биыл қыркүйек айынан бастап жұмысын бастайтын болады.

ПЕДАГОГ ШЕБЕРЛЕР ҮЛЕСІ ӨТЕ ТӨМЕН

Педагог кадрлардың кәсіби деңгейі мен біліктілігі – білім беру сапасы көрсеткішінің негізі. Мектептерде 24 531 педагог жұмыс жасайды. Олардың жоғары білімдісі – 23 567, арнаулы орта білімі барлар 964.

Бала тәрбиесімен айналысатын педагогтардың сапалық құрамына келетін болсақ, 30 педагог-шебер, 71 жоғары санатты,4325 педагог-зерттеуші,146 І санатты, 7286 педагог-сарапшы, 146 ІІ санатты 5 685 педагог-модераторлар бар. Ал жалпы педагогтардың 24,7%- ның немесе 5 851-інің санаты жоқ.

Облыс бойынша педагог-шеберлердің үлесі өте төмен. Мысалы: Жамбыл облысында 430 педагог-шебер, Шымкент қаласында 208 педагог-шебер болса, бізде бар болғаны 30 ғана. Сырдария ауданында бірде-бір шебер болмаса, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі аудандарында бір ғана педагог-шеберлерден бар. Арал, Жаңақорғанда – 2, Қызылордада – 16, облыстық мекемелерде – 6 ғана шебер мұғалімдеріміз бар.

Осы ретте, басқарманың аймақтағы білім саласына тікелей жауапты екендігін ескерте келе, ұстаздарымыздың белгілі бір деңгейге жетіп, соны қанағат тұтып, ары қарай ізденбей, одан әрі кәсіби дамуды мақсат етіп қоймауы ақталуға жатпайды деп санаймыз.

АПТАЛЫҚ ЖҮКТЕМЕСІ АЗДАР ШИЕЛІДЕ КӨП

Педагогтардың апталық жүктемесіне жасалған талдаумен жарты ставкіге де жетпейтін, яғни 1-8 сағат аралығындағы жүктеме 1 314 педагогта қалыптасқан.

Шиелі ауданындағы 3 056 педагогтың 9,9 %-ы, Қазалыдағы 2 533 педагогтың 7,6 %-ы, Сырдариядағы 1 316 педагогтың 107-і толық жүктемесіз жұмыс жасауда.

Шиелі ауданындағы №206 мектепте барлығы 45 педагог бар болса, соның 21-і, яғни 47 %-ның жүктемесі 8 сағатқа дейін. Қазалы ауданының №24 мектебінде барлығы 78 педагог болса, соның 14-нің 18 %-ының жүктемесі 8 сағатқа дейін; Сырдария ауданындағы №37 мектепте барлығы 135 педагог бар болса, соның 30-ның (19 %-ның жүктемесі 8 сағатқа жетпейді.

Алдағы уақытта, педагогтардың жүктемесін толықтыру бағытында жұмыс жасайтын боламыз. Қазіргі таңда, Шиелі ауданынан бастап педагог кадрларға қатысты толық мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар барлық қала, ауданда жалғасады. Талдаулар қорытындысымен нақты шешімдер қабылданатын болады.

“ҮЗДІК ПЕДАГОГ” ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АЗ

Басқарма тарапынан педагог мәртебесін жоғарылату, шығармашыл мұғалімдерді әдістемелік қолдау бойынша нақты шаралар атқарылуда.

Жыл сайын өткізілетін «Үздік педагог» республикалық конкурсынан 2023 жылы 5 педагог жеңімпаз атанды. Әрқайсысы 3 млн. теңге көлемінде грант иеленді, Қызылорда облысы республикада алғашқылардың қатарында 2022 жылы 4 педагог грант жеңімпазы болды.

Осы ретте, 2018-2023 жылдарғы соңғы бесжылдықта Қазалы, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарынан Республикалық «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздары шықпаған.

Қызылорда қаласынан – 8, Қармақшы ауданынан – 2, Жалағаш ауданынан – 2, Арал ауданынан – 1 жеңімпазды қанағат етіп келеміз. Ал, облыстық деңгейдегі «Үздік педагог» сыйақысын 2023 жылы 5 педагог иеленді. Бір реттік сыйақы көлемі – 1 млн. 35 мың теңге. Шиелі ауданының мектептерінен бірде-бір жеңімпаз шықпаған. Арал, Сырдария, Жаңақорған аудандарынан 1 педагогтен ғана шыққан, 2020-2023 жылдары бір реттік сыйақы 31 педагогке берілген. 2023 жылы 40-тан астам облыстық кәсіби байқаулар өткізіліп, республикалық кезеңде 48 педагог жеңімпаз атанды. Жаңақорған ауданынынан облыстық және республикалық кезеңде жеңімпаздар шықпаған.

РЕЗЕРВТЕ ПЕДАГОГТАР НЕГЕ АЗ?

Еліміздегі «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы аясында Қызылорда облысынан 11 педагог іріктеуден өтті. Атап айтсақ Қызылорда қаласынан 5, Қармақшы ауданынан 2, Жалағаш ауданынан 2, Арал ауданынан 1, Сырдария ауданынан 1 педагог республикалық кадрлық резервке енсе, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандары бойынша кадрлық резервке енген педагогтар жоқ.

Осы ретте, Қызылорда қаласы, Абай мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ерманов Аслан Нурланович биылғы жыл басында Қызылорда қаласындағы №287 орта мектеп директоры бос лауазымына, Арал ауданындағы Сексеуіл кенті «№231 орта мектебі» директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Әлимағанбетова Айзада Мұқанбетшарипқызы Арал ауданындағы Сексеуіл кенті «№231 орта мектебі» директоры бос лауазымына күні кеше тағайындалды.

Қалған 9 педагогтің төртеуіне Қызылорда қаласынан қалыптасқан бос орындар жоқ, 5 педагог ұсынылған білім беру басшысы лауазымына тағайындалудан бас тартты.

Оқу-ағарту министрлігімен 2023 жылғы наурызда мектепішілік есепке алуды жүргізудің ережесі бекітілді. Мектептер осы ережеге сәйкес жұмыстарды өз дәрежесінде жүргізбей отыр. Мысалы, қазір 180 мыңнан астам бала мектептерде білім алуда, соның 324-і немесе 0,2%-ы ғана мектеп есебіне алынған. Мектеп басшылары жауапкершіліктен қашқақтап құқық бұзушылыққа бейім балаларды есепке алуды жүргізбей отыр. Олар мектеп есебіндегі бала көбейсе тәртіптік жауапкершілікке тартыламыз деп есептейді.

Биылғы жыл басынан бері білім саласында бірнеше келеңсіз оқиғалар орын алды. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде талқыға түсуде. Білім саласына қатысты барлық мәселелер біздің назарымыздан тыс қалмайды және біз әрбір орын алған жағдай бойынша арнайы комиссия құрып, толық зерделеу жұмыстарын жүргіздік.

Өкінішке орай биылғы жылдың қаңтар айында орын алған педагогтердің бейәдеп қылықтары туралы қоғамдық резонанс тудырған мәселелер, Сырдария ауданы Амангелді ауылындағы №42 мектеп (мектеп директоры мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жұмысынан босатылған) пен Қызылорда қаласы, Белкөл кентіндегі № 189 орта мектеп оқушыларының өлімімен аяқталған жағдайлар, 8 ақпан күнгі № 261 орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен орын алған оқиғалар жылдар бойы қордаланған мәселелердің бүгінгі көрінісі. Сайып келгенде бұл оқиғалар бұрын мектеп директоры қызметінен босатылған тұлғалардың қайта тағайындалғандығы, кез-келген адамның тәрбие жөніндегі орынбасары қызметінде болуы және мектеп басшысына бағынбайтын, лауазымдық міндеттерін талапқа сай атқармайтын, бір мектепте 10-15 жылдан астам уақыт жұмыс жасаған мектеп директорларының орынбасарларының барлығы, тәрбие орынбасары мен педагог-психологтар, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілерінің өзара қызметтік байланысы мен ата-аналармен байланыстың жоқтығынан баланың әлеуметтік ахуалы мен психологиялық жағдайының бақылаусыз қалуы, ескерілмеуі салдарынан туындады.

Саладағы сан жылғы тәрбие мен білімнің сапасының ақсағаны рас. Мойындаймыз. Және алдағы уақытта білім мен қоса тәрбие саласының сапасын оңтайландыру мақсатында аймақ басшысының қолдауымен ашылған «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығы жүйелі жұмыс жоспарын жасақтап қазіргі таңда, орталық қызметкерлері облыс көлеміндегі барлық мектеп пен колледждерге барып әдістемелік көмектер, семинарлар мен кездесулер өткізуде. Алдағы уақытта барлық мектеп оқушыларын өңірдің барлық елді мекеніндегі клубтар мен мәдениет үйлерінен құрылатын отаншылдық және мемлекетшілдікке, патриоттыққа тәрбиелейтін түрлі бағыттағы үйірмелерді қамтитын «Адал адам» рухани-тәрбие орталығының жұмыстарына тартатын боламыз.

Келесі бір мәселе мектеп психологтарының кәсіби деңгейінде болып отыр. Бұл ретте баланың бойындағы мінез-құлық өзгерісін, оның бейімділігін, әсіресе құқық бұзушылыққа бейімділігін дер кезінде анықтауда психологтың көмегі маңызды. Осы ретте облыс әкімінің қолдауымен құрылған «Облыстық психологиялық қолдау орталығы» білім беру ұйымдары психологтарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында және орын алған олқылықтарды оңалтуға оң әсер етеді деп сенеміз.

Әрбір ата-ана баласын ұйқыдан өздері оятса, оқушылар санасын мектептегі ұстаздар оятады. Дүниеде алғанды да, бергенді де еселеп байытатын білім мен тәрбие сияқты ешқандай құндылық жоқ. Біздің балалар заманауи білім мен тәрбиені құстың қос қанатындай, қайықтың қос ескегіндей тең ұстаса арманына адаспай жетеді.

Сөз соңы: Сонымен «Білімнің» барынан жоғы, жоғарысынан төмені көп болып тұр. Басқарма басшысы А.Темірбекұлы ел айтатындай темірдей тәртібімен білім беру мен тәрбие сапасын көтере алады ма? Уақыт еншісінде…

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған