Қызылорда облысы әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, ел аға­лары  аудандарға жаңадан салынып жатқан вокзалдарды аралап көрді.

Сырдария ауданына жұмыс сапары кезінде теміржол вокзалының және «Қызылорда-Жалағаш» трассасының Тереңөзек кенті тұсындағы көпір құрылысымен танысты.

Вокзал құрылысына тапсырыс беруші – «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ «Қызылорда магистральдік желі бөлімшесі» филиалы, бас мердігер – «Р и А-Сервис ЛТД» серіктестігі, жалпы жобалық құны 695 млн. теңге.

Бүгінде перрондағы брусчаткалар демонтаждалып, төменгі іргетасы құйылған. Плита жабындылары орнатылып, ғимараттың ішкі бөліктеріне кірпіш қаланды. Қабырғаларын әрлеу, қатты травертинмен қаптау және перронды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс біткеннен кейін Тереңөзек тұрғындарына, жолаушыларға қолайлы,жаңа теміржол вокзалы қызмет көрсетеді.

«Қызылорда-Жалағаш» облыстық маңызы бар автомобиль жолының 47,9 шақырымындағы көпірді күрделі жөндеу арқылы көлік қозғалысының қауіпсіздігін және жол инфрақұрылымының сапасын жақсарту көзделген.

1985 жылы салынған көпір толық жаңғыртылады, конструкцияларын күшейту, кірме жолдарды ретке келтіру және көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасау жоспарланған. Көпір ұзындығы 30,43 метр, ал кірме жолдар 710 метр, құрылыс кезінде көлік қозғалысына кедергі келтірмес үшін 788 метр айналма жол салынған.

Қазір қада қағылып біткен, бетон құю, құм-қиыршықтас қоспасын төсеу және нығыздау жұмыстары жүргізілуде. Айналма жол бойына белгілер орнатылған.

Аймақ басшысы мердігер мекемелерге көпірді сапалы етіп салып, белгіленген мерзімде аяқтаудың маңыздылығын ескертті.

Аталған жобалар өңірдегі көлік инфрақұрылымын дамытуға серпін беріп, қауіпсіз әрі қолайлы жол қатынасына жағдай жасайды.

* * *

Қызылорда облысы әкімі Мұрат Ергешбаев Жалағаш ауданына жұмыс сапары кезінде ел ағаларымен бірге жаңадан салынып жатқан теміржол вок­за­лындағы жұмыс барысымен танысты.

Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздегі 124 вокзал жаңғыртылуда. Осы қатарға былтыр сол кездегі облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы аудан орталықтарындағы және Төретам, Сексеуіл станцияларындағы, яғни аймақтағы барлық вокзалдарды, Жаңақорған ауданындағы Талап бекетінің платформасын енгізген болатын.

Құрылысы өткен жылы басталған Жалағаш вокзалына 755,7 млн. теңге бөлінген. Жобаның бас мердігері «Р и А Сервис ЛТД» ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Атап айтқанда, жолаушылар алаңына төсеніш тас төсеу және ғимараттың шатырын жабу толық аяқталған. Қазір нысанның ішкі қабырғаларын әрлеу, сыртқы қасбетін қаптау және аумақты абаттандыру жұмыстары қолға алынған.

Жаңа теміржол вокзалы аудан тұрғындары мен жолаушыларға сапалы қызмет көрсететін, аймақтың көлік инфрақұрылымын дамытуға оң ықпал ететін нысан болмақ. Сондай-ақ, заманауи талаптарға сай салынып жатқан вокзал Жалағаштың сәулеттік келбетін айшықтайтын көрікті ғимараттардың біріне айналмақ.

Осы ретте аймақ басшысы жауапты сала басшылары мен мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс сапасына ерекше назар аударуды, нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға беруді тапсырды.

* * *

Өңірдегі вокзалдардың ең ескілері­нің салынғанына бір ғасырдан астам уақыт болған. Соның бірі – «Арал те­ңізі» теміржол вокзалының құрылысы өткен жылы басталып, жобаға 1,5 млрд теңге қаржы бөлінді. Құрылыстың бас мер­дігері – «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС. Жаңа ғимараттың жалпы ауда­ны 459,47 шаршы метр, ал биіктігі 4,2 метр.

Қазір мұнда металл конструкция­ларын монтаждау, ішкі бөлігін сылау және әрлеу, сыртқы қасбетін қаптау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс алаңында 25 жұмысшы еңбек етеді.

Жаңа теміржол вокзалы аудан тұрғындары мен жолаушыларға сапалы, қолайлы қызмет көрсететін, Арал қаласының сәулеттік келбетін айшықтайтын көрікті ғимараттың біріне айналмақ.

Нысанды аралаған кезде облыс әкімі жауапты сала басшылары мен мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс сапасына қатысты міндеттер жүктеп, жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды, уақытылы пайдалануға беруді ескертті.

* * *

Сексеуіл теміржол вокзалы құрылысының жобасы «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ тапсырысымен жүзеге асырылуда. Бас мердігер «Техоснастка-Ремсервис» серіктестігі қолға алған жобаға 700 млн. теңге бөлінген.

Қазір құрылыс алаңында 15 жұмыс­шы, 4 арнайы техника жұмылды­рылған. Нысанның сырты қапталып, ішкі әрлеуі біткен, есік орнатылған. Бүгінде аумағын абаттандыру, жаяу жүргіншілер жолын ретке келтіру және инфрақұрылымдық жұмыстар атқарылуда.

Жаңа вокзалда жолаушыларға қолайлы жағдай жасалады, қызмет көрсету сапасы артады. Нысан пайда­лануға берілгеннен кейін өңірдің көлік-логистикалық әлеуетіне, жолаушы тасымалына оң әсерін тигізеді.

Облыс аумағынан ұзындығы 1051,7 шақырым магистральдық теміржол желісі өтеді. Теміржол инфрақұрылымында 8 вокзал мен 2 қызмет көрсету пункті жұмыс істейді. Тәулігіне 15 жұп жолаушылар пойызы қатынайды. Қызылорда қаласынан Астана, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семей және Түркістан қалаларына 6 жұп жолаушылар пойызы ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар «Қызылорда – Бесарық – Түркістан» жолаушылар пойызы облыстың оңтүстік бағытындағы 26 елді мекен тұрғындарын көлік қызметімен қамтамасыз етіп келеді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған