Облыс әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Қармақшы аудандық мәслихатының келісімдері бойынша Қармақшы ауданының әкімі лауазымына Жандос Еркінбек тағайындалды.

Аймақ басшысы Н.Нәлібаев Жандос Еркінбекұлын құттықтап, жаңа қызметінде сәттілік тіледі.

– Жандос Еркінбекұлының басшылық қызметтегі ұйымдастырушылық қабілеті мен тәжірибесі мол, өз жұмысын жоғары кәсіби деңгейде атқаратын білікті азамат. Сондықтан Мемлекет басшысының әділетті Қазақстанды дамытудағы жаңа бастамалары мен тапсырмаларын бұлжытпай орындап, туған жері Қармақшы ауданын одан әрі дамытуға аянбай жұмыс жасайтынына сенемін, – деді Н.Нәлібаев. Сондай-ақ, облыс әкімі осы уақытқа дейін Қармақшы ауданының әкімі қызметін атқарған Әділбек Ерсұлтановты басқа қызметке ауысуымен құттықтап, оған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты болуына сүбелі үлесін қосқаны үшін алғыс білдірді.

Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков аудан жұртшылығының атынан сөз сөйлеп, жаңа аудан әкімін осы лауазымға тағайындалуымен құттықтады және бұрынғы әкім Әділбек Ерсұлтановқа ризашылығын білдірді.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған