Президенттің баспасөз қызметінің ресми ақпараты бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысу үшін жұмыс сапарымен Нью-Йоркқа барды.

БҰҰ Бас ассамблеясының 77-сессиясына қатысушылар соңғы бірнеше айдың ішінде әлемдік саясатта пісіп-жетілген ең өзекті мәселелерді талқыға салады.

Бас ассамблея алаңында бейбітшілік пен соғыстарға, басқаша айтар болсақ, халықаралық қауіпсіздіктің барлық нормаларының сақталуына жауапты жалғыз халықаралық жаһандық ұйым ретінде БҰҰ қызметін жақсарту жайы да талқыға түсетін болады.

Мемлекет басшысы Нью-Йоркте JPMorgan Chase & Co, Citi, Goldman Sachs, NASDAQ секілді жаһандық қаржы институттарының басшыларымен,сонымен қатар Boeing, ExxonMobil, General Electrics, Wabtec, Microsoft сияқты трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен, сондай-ақ сарапшылар тобының өкілдерімен де кездеседі.

Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді. Бұдан бөлек, БҰҰ Бас хатшысымен, Еуропалық Одақ басшылығымен және бірқатар мемлекет басшыларымен олардың өтініші бойынша кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммитке де қатысады

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған