2023 жыл Сырдария ауданында ерекше қарқынды жұмыстар атқарылады. Биыл барлығы 11,6 млрд теңгенің 71 жобасы бюджеттен және демеушілер есебінен әзірленіп, республикалық және облыстық бюджетке ұсынылды. Осы жобалардың 2023 жылға республикалық, облыстық бюджеттен жалпы құны 7,7 млрд. теңгеге 45 жоба қазіргі таңда толық алынды. Қалған жобаларды бюджетті нақтылау кезеңінде алуға жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, аудан тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды күн тәртібінен түсірмейміз.
2023 жылы Тереңөзек кентінде ашылған жаңа ықшамаудан инфрақұрылымына, яғни, қиыршық тас жолының құрылысына облыстық бюджет есебінен 135 гектарына 350 млн. теңге қаржы қаралды.
Биыл да жол жөндеу үшін бірқатар жобалар жүзеге асады. Жалпы 27,6 шақырым асфальт жабындылары төселіп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Елді мекендердің ішкі көшелерін және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу бойынша 21 жоба қаралған. Оған тиісті қаржы көздерінен 942,2 млн теңге бөлініп отыр. Оның 11 жобасы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен іске асатын болса, қалған 10 жобасына облыстық бюджеттен қаржы қаралған.
2023 жылы «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» аудандық маңызы бар автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар, Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық, Шіркейлі, Шаған, С.Сейфуллин, Қалжан ахун, А.Тоқмағамбетов ауылдарында көшелер жөндеу және де Тереңөзек кентіндегі Б.Момышұлы, Қ.Бөдеев, О.Мәлібаев көшелерін жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
Аудан тұрғындары үшін ең маңызды жолдарымызда жөнделетін болады. Биыл Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді ауылдарын қосатын «Қызылорда-Айдарлы-Тартоғай» автожолы 1,3 млрд.теңгеге жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, аудан орталығын Сырдарияөзенінің арғы бетінде орналасқан ауылдарын жалғайтын Шаған трасса атанған «Шымкент-Самара-Тереңөзек» трасса жөндеуден өтпек.
Халықтың сұранысы және басты қажеттіліктерінің бірі елді мекендерді жарықтандыруға келер болсақ, Айдарлы, Аманкелді, Жетікөл, Қоғалыкөл елді мекендерін электрмен жабдықтауға1,6 млрд теңге республикалық және облыстық бюджет есебінен қаржысы толығымен берілді. Бұл ауылдарда электр желілері 100 пайыз ауыстырылатын болады.
Оған қоса, Сырдария ауданының ең үлкен ауылы Шаған ауылы бойынша электр желілерін жаңғырту жобасы жүзеге асатын болады. 1,1 млрд.теңге қаржы қаралып отыр.
Аудан бойынша тұрғындар 100 пайыз ауыз су жүйесімен қамтылған. Зерделеу жұмыстарына сәйкес 2006 жылдан бастап салынған Тереңөзек, Шаған, Аманкелді, Қоғалыкөл елді мекендерінде ауыз су құбырларының тозығы жетіп, күрделі жөндеуді қажет ететіндігі анықталды.
Бүгінгі күні Іңкәрдария елдімекеніне 1, Шаған елдімекеніне 1, Тереңөзек кентіне 1 су мұнараларын сатып алу мақсатында облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда 3 су мұнаралары алынатын болады.
2023 жылға Тереңөзек кентіндегі 10 көшенің, Шаған, Аманкелді, Қоғалыкөл елді мекендерінің 10 көшелеріне ауыз су құбырларын жаңарту жұмыстары жүргізіледі.
Газдандыру мәселесіне келсек, бүгінде Тереңөзек кенті толығымен газбен қамтамасыз етілді (жалпы құны 136,5 млн. теңге). Бұл аудан халқының 20,1 пайызы.
Сонымен қатар, Қалжан Ахун, Сейфуллин ауылдарын және Тоқмағанбетов, Шаған ауылдарын газдандыру бойынша 2023-2025 жылдарға республикалық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылып, 2023 жылғы Қалжан ахун аулына газ жүргізуге республикалық бюджеттен 298,0 млн. теңге қаржы бөлініп отыр.
Биылғы жылы аудан тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өткізіледі. Тереңөзек кентіндегі спорт клубы ғимараты күрделі жөнделетін болады. А.Тоқмағамбетов пен Қалжан Ахун ауылдарындағы фельдшерлік-акушерлік бекеттер де толық жөндеуден өтеді.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен қабылданған «Жайлы мектеп» жобасына Тереңөзек кентінен 300 орындық 1 жаңа мектеп құрылысы енгізілді.
Аудан экономикасын дамытуға бізде барлық мүмкіндік бар. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар да ауқымды.
Алдағы уақытта аудан жұртшылығымен бірлесіп елді өркендету жолында тынбай және аянбай еңбек ететін боламыз.
Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар