«Сот кабинеті» – халықтың сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығына толықтай қол жеткізуін көздеген, сот органдарының электрондық сервисіне кіруге арналған бірыңғай терезе.
«Сот кабинеті» арқылы сотқа электронды түрде талап арыз, шағым, өтініш беруге, мемлекеттік баж салығын онлайнж режимде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжаттарды осы сервис арқылы сотқа ұсынып, істің қозғалысын қадағалап отыруға болады.
Аталған сервис арқылы дыбыс-бейнежазба енгізіліп, сот отырысының электронды хаттамасы қалыптастырылады. Жасалған хаттаманы сот отырысының қатысушылары ғаламтор арқылы «Сот кабинетінен» көруіне болады. Пайдаланушының қалаған уақытында сот құжаттарын қарауға, іс бойынша сот актілерін басып шығарып алуына мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, сот процесіне қатысушыларды жедел хабардар етуден басқа бұл сервис пошталық хабарламаларды жолдаудан бас тартуға мүмкіндік беретінін атап айтқан жөн. Бұл пошталық шығындарға бөлінетін бюджет қаражатын айтарлықтай қысқартады. Азаматтар мен ұйымдарды сот қарауына шақыру туралы SMS-хабарлау және шақыру, сондай-ақ қабылданған сот құжаттары туралы азаматтарға жедел ақпарат беру сервисі де іске қосылған.
АБФ шеңберінде соттарды бейнеконференция-байланыс жүйелерімен жабдықтау жолымен сот төрелігін қашықтықтан іске асыру мүмкіндігі де іске қосылды. Тапсырыс бойынша гибридті жөнелтілімдер технологиясын қолдану кезінде жергілікті соттардан жолдауға арналған ақпарат (сотқа шақыру қағазы) пошта байланысы бөлімшесіне электрондық түрде жолданады, «Қазпошта» АҚ жағында қағазға басылып, пошталық конвертке буып-түйіліп, соңғы адресатқа жеткізіледі. Бұл ретте жеткізілу немесе жеткізілудің мүмкін еместігі туралы статустар «Төрелік» ақпараттық жүйесінде көрсетіледі.
Атқару парақтары жүз пайыз электронды нұсқада дайындалады. Сот актісі қабылданғаннан кейін әр іс бойынша бойынша «Төрелік» ақпараттық жүйесінен шығатын атқару парағының дайын үлгісіне керекті тараптар және сот актісі бойынша орындалуға жататын әрекеттер таңдалып орындауға жолданады.
Бұл сот отырысы хатшысының уақытын бірнеше есеге үнемдеді және сот актілерін жедел әрі тиісінше орындауға мүмкіндік берді
Елімізде цифрландыру жұмыстары күннен күнге дамып, қарқынды түрде жүріп келеді. Қазақстанның сот жүйесі өз қызметінде заманауи ақпараттық технологияларды белсенді қолдануда. Сот ісін жүргізуге жаңа өзекті жобаларды енгізу сот төрелігіне қол жеткізуді кеңейтуге, сот әурешілігін жоюға септігін тигізеді.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маман – сот мәжілісінің хатшысы Г.Досанова