Су тасқыны басталғаннан бері облыста 3419 үйді су басқан

Солтүстік Қазақстанда су тасқынына қатысты жағдай тұрақталып келеді. Алайда мамандар су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев мәлімдеді. 

«Есіл, Қызылжар аудандарының елді мекендерінде және Петропавл қаласында су баяу болса да кетіп жатыр. Су тасқынының екінші толқыны күтілуде. Оны біз Сергеев су қоймасына қарап байқап отырмыз. Қазіргі уақытта су бөгет шыңынан 2 м 93 см асты, тәулігіне 18 см артқан», – деді Евгений Журавлев ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Спикердің сөзінше, биылғы антирекорд 4 м 25 см болған. 

Су тасқыны басталғаннан бері облыста 3419 үйді су басты, қазіргі сәтте 173 үйден су кетті.

Облыс бойынша 3223 үй және 1115 үй маңындағы аула суда тұр. Жалпы облыс бойынша 14388 адам эвакуацияланды, олардың 3596-сы — бала.

Бүгінде 705 адам үйлеріне оралды, оның 184-і — бала.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған