Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Н.Нәлібаев «Қытай сода өнеркәсібі қауымдастығы» президенті Дин Чаоранмен кездесті.

Қытай сода өнеркәсібі қауымдастығы 1987 жылы құрылған. Қытайдың барлық сода өндірушілерін, ғылыми-зерттеу және жобалау институттарын, жабдық өндірушілерін біріктіретін ұлттық ұйым.

Қазақстан мен Қытай арасындағы жоғары деңгейдегі ынтымақтастық аясында бірқатар ірі индустриялық жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі — қытайлық «China Glass Holdings LTD» компаниясының қатысуымен былтыр іске қосылған шыны зауыты.

Зауыт өндірісі үшін негізгі компоненттердің бірі кальциленген сода. Осыны ескеріп, шыны зауытына шикізаттың үзіліссіз жеткізілуін қамтамасыз ету және импортты алмастыру мақсатында өңірде кальцийленген сода зауытын салу жоспарланған.

Бүгінде кальцийленген сода шет елдерден импортталуда. Содаға сұраныс жылына орта есеппен 300-400 мың тонна, ал 2026 жылға дейін 1 млн. тоннаға дейін өседі деп болжануда.

Кездесу барысында облыс әкімі осындай маңызды инвестициялық жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған