Іссапардың алғашқы күні делегация құрамындағы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қытайлық «Gepetto» мұнай технологиялары корпорациясының Басқарма төрағасы Цзэн Бинь мырзамен кездесті. Кездесуде мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

«Gepetto» компаниясы — мұнай және газ өндіруді ұлғайту бойынша технологиялық ғылыми-зерттеулерді және сервистік қызметті жүзеге асыратын қытайлық ірі кәсіпорын. Компания 50-ге жуық патенттелген технологиялар мен ғылыми-техникалық зерттеулер саласында халықаралық жетістіктерге жеткен.

Былтыр «Gepetto» компаниясының басшылығы облысқа іссапары аясында екіжақты кездесулер өткізіп, тиісті зерттеулер жүргізді. Нәтижесінде Қызылорда қаласында еншілес компания құрған болатын. Кездесу осы жұмыстардың жалғасы іспетті. Аймақ басшысы облыс аумағындағы мұнай кеніштерінің табиғи сарқылуына байланысты мұнай өңдіру көлемін арттыруда компанияның инновациялық технологиялары мен оң тәжірибесін ескере отырып, жергілікті мұнай компанияларымен бірлесіп жұмыс жүргізуді ұсынды. Нәтижесінде өңірдегі мұнай кен орындарының тиімділігін ұлғайту және өнімділігін арттыру бағытында химиялық реагенттер өңдіру, арнайы мамандарды даярлайтын оқу бағдарламаларын құру және әлеуметтік жобалар бағытында бірлескен жұмыстарды жүзеге асыру мақұлданды.

Кездесуде аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететін маңызды жобаларға әкімдік тарапынан тиісті қолдау көрсетілетіндігін жеткіздi. Қытайлық тарап өзара әрiптестiк орнатуға мүдделі екенін білдірді.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған