Биыл қазақстандық мектептерде оқу жылы 34 аптаға созылады. Сондай-ақ 3,8 миллионнан астам оқушы 2023-2024 оқу жылын аяқтайды, оның ішінде 186 мың түлек мектеппен қош айтысады екен.

«Бірқатар облыстардағы су тасқыны жағдайына байланысты және соңғы күн сенбіге келіп тұрғандықтан, оқушыларға сынып сағаты өткізіледі. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен жылды қорытындылайды», – деді тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Қарлығаш Құрманбекова.

11 (12) сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру және арнайы «Алтын белгі» төсбелгілерімен марапаттау 12-15 маусым аралығында барлық мектеп емтихандары аяқталғаннан кейін өтеді.

Емтиханға қауіпсіздік пен сапалы дайындықты қамтамасыз ету үшін 9-11 сынып түлектеріне ақша жинауға, салтанатты тойларға, банкеттерге және көлікпен жүруге тыйым салынады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған