Шымкентте белгісіз ер адам көшенің қақ ортасында қарудан оқ жаудырып, жұрттың зәресін алды. Бұл сәтті оқиға куәгерлері видеоға түсіріп алып, бейнежазба әлеуметтік желілерде лезде тарап кетті, деп хабарлайды Экспресс К.
ІІМ Telegram-арнасының жазуынша, оқиға бүгін, 20 ақпанда Іляев және Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында орналасқан қару-жарақ дүкенінде болған. Сатушы дереу дабыл түймесін басып үлгеріпті. Сөйтіп, оқиға орнына бірден қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері келген.
Күзетшілер мен қарулы адам арасында атыс болып, күзетшінің бірі жараланды. Қарулы адамды патрульдік полицейлер мен Тұран АПБ криминалдық полициясының жедел уәкілдері ұстады.
Ұсталған ер адам Өзбекстан азаматы болып шықты. Ол Шымкентте жалдамалы пәтерде тұрады екен. Одан шолақ мылтық және ұрланған «Сайга» карабині тәркіленді
⠀
Қазір оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Ақпарат көзі: kyzylordatoday инстаграм парақшасы