Съезд делегаты Қылышбай Бисенов білім саласы өкілдерімен кездесіп, қабылданған маңызды шешімдермен бөлісті.
Кездесуде делегат әріптестеріне алқалы жиында бірінші кезекте алдағы президент сайлауына партиядан кандидат ұсыну мәселесі қаралғандығын және елдегі басты саяси күш және Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі ретінде Әділ Қазақстанды құру бойынша барлық реформаға ұйытқы болып, жаңа кезеңде жақсы істер мен шешімдердің басында жүрген «AMANAT» партиясы өзінің саяси Тұғырнамасын бекіткендігі жөнінде айтып берді.
Өздеріңізге белгілі жыл басынан бастау алған елдегі саяси өзгерістер аясында «AMANAT» партиясы да толық жаңғыру жұмыстарын жүргізді. Партия атауы өзгеруімен қатар, оның негізгі бағдарламалық құжаттары да жаңаруда. Съезде қабылданған Саяси Тұғырнама партияның басты құжаттарының бірі. Бағдарламада басты байлығымыз адам екендігі айқын көрсетіліп, әрбір азаматтың лайықты білім мен медициналық көмек алуға, жеке қауіпсіздігінің қорғалуына дейінгі міндеттер қамтылып отыр,- деді Қ.Бисенов.
Сонымен қатар Қ. Бисенов Президент реформаларының бағытын қолдай отырып, қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтау қажеттігін атап өтті.
Мемлекет басшысы көп қырлы саясат жүргізуде. Елдегі жүзеге асып жатқан реформалар Қасым – Жомарт Кемелұлының халыққа жаны жақын тұлға, тәжірибелі басқарушы екенін көрсетіп отыр. Сондықтан Халықтық коалиция құрылып, бірнеше партиялармен қоғамдық бірлестіктердің алда болатын Президент сайлауында Тоқаевтың кандидатурасын ортақ ұсынып, қолдауы бүгінгі көршілес елдерде орын алып отырған геосаяси жағдайларды қаперге алып, оның жанына топтасуымыздың маңызды екенідігін көрсетеді,- деп атап өтті.
Кездесу барысында ой пікірлерін ортаға салған сала қызметкерлері мемелкет басшысының барлық бастамаларын қолдайтындықтарын айтып, лайықты үміткер екеніне сенім білдірді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған