Қазақстан Республикасы Орталық және облыстық сайлау комиссияларының шешімімен Ерсұлтанов Әділбек Бөрібайұлы Қызылорда облысы сайлау комиссиясының төрағасы қызметіне сайланды.
Аймақ басшысы Н.Нәлібаев биылғы жылдың І жартыжылдығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы және ІІ жартыжылдықта пилоттық негізде аудан әкімдерінің тікелей сайлауы өткізілетінін және өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты 23 ауылдық округ әкімінің сайлауы жоспарланғанын атап өтіп, осыған байланысты ұйымдастырылатын сайлау науқандарының барлығы күшейтілген жұмысты талап ететінін атап өтті.
– «Биылдан бастап жаңа өзгерістерге сәйкес облыстық сайлау комиссиясының 7 мүшесі тұрақты негізде қызмет атқаратын болады. Бұл өзгерістер сайлау жүйесінің едәуір күшейуіне және әрбір тұрақты мүшенің жауапкершілігін арттыруға өз септігін тигізеді.
Әділбек Бөрібайұлы еңбек жолын облыстық мемлекеттік архивінің архивисті болып бастап, мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өткен, тәжірибесі мол білікті кадр. Облыс әкімі аппараты басшының орынбасары, «Amanat» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі қызметтерін де абыроймен атқарып келді.
Облыс әкімі аппараты басшының орынбасары қызметінде облыстағы сайлау инфрақұрылымын жоғары деңгейде ұйымдастыру бойынша жұмыстар атқарды. Әділбек Бөрібайұлы алдағы еліміз үшін маңызды сайлау процестерінің ашық әрі әділ өтуіне зор үлес қосады деп сенім артамыз», – деді Н.Нәлібаев.
Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар