Түрлі бағыттар бойынша практикалық және қазіргі заманғы тәжірибені беру үшін үздік менторларды жинақтап, жастармен диалог алаңдарын қалыптастыру, олардың бизнес-идеяларына қолдау көрсету, жастарға бағытталған мемлекеттік қолдау алуға кеңес беру мақсатына бағытталған «Өрлеу» жобасы аясында кездесу өтті.«AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы «Jastar ruhy» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен кездесуде білім алушы студент және ауыл жастарының әлеуетін дамытуға арналған бірнеше бағыттар жайлы айтылды.Басқосуда «Өрлеу» жобаның облыс бойынша жасменторы Серікбай Нұрбол қатысушылармен пікір алмасып, көшбасшылық бойынша тренингтер ұйымдастырды. «Қазіргі қоғамда бәсекеге қабілетті жас сұранысқа ие маман. Мемлекет басшысы атап өткендей, жастар үнемі жетіліп отыруға тиіспіз. Бір ғана мамандықтың иесі болып қана қоймай, жан-жақты дамып білім алуға дағдаланған жөн, – деді жасментор Н.Серікбай.Кездесуге қатысушы Акерке Бақыт тренинг барысында жоба жазу бойынша инсайт жинақтап, алдағы уақытта мемлекеттік шағын гранттар байқауына қатысатынын жеткізді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған