«AMANAT» партиясы Орталық аппаратының келісімімен партияның Қызылорда қалалық филиалының Атқарушы хатшысы лауазымына Мұсаева Гүлшат Исақызы тағайындалды.Гүлшат Исақызы 1967 жылы 29 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазан мемлекеттік аграрлық университетінің түлегі. Экономика ғылымдарының магистрі.Еңбек жолын, 1984 жылы Жаңақорған ауданы, «Өзгент» күріш совхозы №3 бригадасында күрішші болып бастаған. 1989-1990 жылдары «Өзгент» күріш совхозы комсомол комитетінің хатшысы.1990-1994 жылдары Қызылорда облыстық өлкетану музейінің қараушысы, ғылыми қызметкері.1994 жылдан бүгінге дейін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде оқытушысы, аға оқытушы қызметтерін атқарып келді.Таныстыру рәсіміне партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов, партияның қалалық филиалының төрағасы Ибадулла Құттықожаев, қалалық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия ардагерлері мен белсенділері қатысып, өз пікірлерін білдірді.

Гүлшат Исақызы ұзақ жылдар бойы жоғары білім мен ғылым саласында жемісті еңбек етті. Партияның праймеризіне, облыстық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауына қатысып, өзін жан-жақты көрсетті. Алдағы уақытта партия филиалының алдындағы міндеттерді жүзеге асыруға барлық білімі мен біліктілігін, өмірлік және қызметтік тәжірибесін көрсетеді деп сенім білдіреміз», – деді партияның облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов.Өз кезегінде сөз алған партияның қалалық филиалының төрағасы Ибадулла Құттықожаев Гүлшат Исақызының қалалық мәслихаттың VII шақырылымында депутат болып сайланып, бірқатар өзекті сауалдарды көтеріп, өзі сайланған округтің мәселелерін шешуге атсалысқанын тілге тиек етіп, алдағы уақытта партияның қалалық филиалының жұмысын одан әрі жандандырып, абыройлы қызмет атқаратынына сенім білдірдіЖиында ардагерлер атынан Сайлаубай Әбішев пен Нысанбай Құрманғазиев партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысына сәттілік тілеп, қазақы дәстүр бойынша ақ батасын берді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған