Шаһар басшысының барған келесі нысаны Белкөл кентінен 7,5 қашықтықта орналасқан жаңа қоқыс полигоны. Полигон құрылысы санитарлық-экологиялық талаптарға толық сәйкес келеді. Қоқыс қалдықтарын сұрыптау кешенінің жылдық қуаты 60 мың тонна. Өткен жылы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына 73 мың тоннадан аса қалдықтар қабылданған. Бүгінде полигон бойынша барлығы 9 техника және 23 адам қалдықтарды сұрыптау, өңдеу және көму жұмыстарымен айналысуда. Күн сайын полигонға 180-200 тонна көлемінде қалдықтар тасымалданады. Күніне орта есеппен осы қалдықтардың 70 тоннасы қалдықтарды сұрыптау кешені арқылы сұрыптаудан өткізіледі. Сұрыптаудан алынған 3-4 тонна көлеміндегі пластмасса өнімдері екінші қайтара өңдеуге жіберіледі.
– Полигонға келетін қоқыстарды Экологиялық кодекс талаптарына сай залалсыздандырып, қайталама шикізатты өңдеу арқылы табыс табуды жолға қою қажет. Ынталы кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіп, полигонды сенімгерлік басқаруға беру керек. Медициналық қалдықтарды да осы жерде залалсыздандыратын шаралар қабылдап, экологияға зиян келмейтін әдістерді қолдану маңызды. Ол үшін өңдеуден өткен қоқыстардың көзін жоятын арнайы пештерді орнату қажет. Ал, ескі қоқыс полигон жерінің құнарлығын қайта қалпына келтіруге жоба-сметалық құжаттамасы әзірленеді,-деді шаһар басшысы.

Мұхаммедшах Каюп