Мұнан соң Серік Қожаниязов Тасбөгет кентіндегі Әлия Молдағұлова көшесінде орналасқан апатты үйлердің жай-күйімен танысты. Қалада апатты деп танылған көпқабатты 51 үй бар болса, ондағы 628 тұрғын пәтер кезегінде тұр. Осындай апатты үйлердің 22-і Тасбөгет кентінде орналасқан.

Апатты үйлер алаңында тұрған қала әкімінің жанына жиналған тұрғындар өздерінің мұңын шағып, көмек беруін сұрады. Серік Салауатұлы өтініштердің назардан тыс қалмайтындығын жеткізіп, жаңадан салынатын көпқабатты үйлерден аталған санаттағы азаматтарға кезектілік тәртібімен жыл сайын 100-ден астам пәтер табысталатындығын айтты. Осылайша алдағы 5-6 жылдың көлемінде қаладағы апатты тұрғын үй мәселесін түбегейлі шешу жоспарлануда.

– Қаламыздың өзекті мәселелерінің бірі апатты жағдайдағы үйлер. 2007 жылы қала әкімі болған кезде «Қазгермұнай» компаниясымен бірлесіп Тасбөгеттегі апатты деп танылған үйлердің жертөлелерін жөндеген болатынбыз. Бірақ қазіргі таңда үйлердің тозығы жетті. Ескі үйлер заман талабына сай емес. Тасбөгет кентінде апатты деп танылған 22 үй бар. Апатты деп танылған үйлердің тұрғындарына бірте-бірте қаржының шамасына қарай үй беріліп алдағы 4-5 жылда бұл мәселені толық шешетін боламыз,-деді Серік Салауатұлы

Кенттегі үйлердің бірқатары ескірген. Өжірелері, ауыз су және кәріз жүйелері мен қасбеттері, шатырлары жөндеуді қажет етеді. Осыған орай, шаһар басшысы биылғы жылы жөнделетін 19 үйдің тізімін бекітіп, жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар, техникалық паспорты жоқ кейбір үйлердің құжаттарын рәсімдеуді жүктеді.

Мұхаммедшах Каюп

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған