Аранды ауылында балалар ойын алаңы салынуда. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес Аранды ауылында қазалылық кәсіпкер Темірхан Кенжебаевтың демеушілігімен балалар ойын алаңы мен спорт алаңы салынуда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын «ҚазалыСтройСервис» ЖШС қарқынды жүргізуде.

Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев Аранды ауылына арнайы барып, балалар ойын алаңының құрылысын көрді. Аранды ауылдық округінің әкімі Әбілғазы Томаев балалар ойын алаңының жалпы аумағы 70х40 метрді құрайтынын жеткізді. Алаң ішінде жаздық сахна мен тұрғындар отыратын орындар, балалар мен ересектер үшін тренажерлық құрылғылар орнатылады деп жоспарлануда. Бүгінгі күні спорт алаңының жерін көтеріп, сыртын қоршау жұмыстары аяқталған. Ендігі кезекте алаңның жиектері биіктетіліп, жасанды төсеніштері төселетін болады.

* * *

Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев Аранды ауылдық округімен қатар Қожабақы елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Күн суытып жатқанына байланысты қысқы жылу беру маусымына дайындықты осы кезден бастау қажеттігін айтқан әкім ауылдық округ әкіміне халықпен бірлесіп, жақын арада барлық тұрғындардың қыстық отынмен қамтамасыз етілуін тапсырды.

Басқосуда тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын аудан басшысының назарына ұсынып, ой-пікірлерін білдірді. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арандылықтардың тарапынан айтылған ұсыныспікірлер ескеріліп, алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешім табатынын жеткізді.

Қожабақы ауылына сапары кезінде «Айгүл» балабақшасына барып, апаттық жағдайдағы ғимаратты аралап көрді. Сонымен қатар, бу қазандығын жөндеу жұмыстарымен де танысты. Балабақша ғимараты 1965 жылы салынған. Қазіргі таңда мұнда 90 бала тәрбиеленіп жатыр.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тиісті сала басшыларына жаңадан салынатын ғимараттың жоба-сметалық құжаттарын дайындап, облыста салынатын нысандардың тізіміне енгізуді тапсырды.

* * *

Қазалы ауданындағы Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаев атындағы ауылда спорт кешенінің құрылысы басталды. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Алға ауылдық округіне арнайы барып, құрылыс жұмыстарын көрді. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрбек Күзембаев спорт кешенінің құрылысы белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тиісті сала басшыларына спорт кешенінің құрылысын сапалы жасап, күнделікті қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ осы сапарында Майдакөлмен екі аралықтағы жолды жөндеу жұмыстарын да көрді. Мердігер мекеменің жауапты өкілі Орақ Оразалиев 2 шақырымға жуық жолға асфальт қабаты төселгенін айтты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған