Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласы Ә.Мүсілімұлы атындағы №101 мектептегі №63 учаскеге барып өз таңдауын жасады.
Облыс бойынша 380 референдум учаскесі бар. Оның 126-сы Қызылорда қаласында, 254-і аудандарда орналасқан.
Учаскелер таңғы сағат 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді,
6 учаске таңғы сағат 6-да жұмысын бастады. Ол үшін арнайы қаулы бекітілген. Уақытша болу орнындағы 27 учаскеде дауыс беру ерте аяқталуы мүмкін. Олар – әскери бөлімдер, емдеу-профилактикалық мекемелері, тергеу изоляторлары және тағы да басқа мекемелер.
Барлық учаскелер талапқа сай жабдықталды. Мүгедектігі бар азаматтар үшін арнайы құрылғылар қойылған.
Оларға 45 инватакси қызмет көрсетеді. Инватаксидің 16-сы Қызылорда қаласында, 29-ы аудандарда.
Қажеттілікке қарай учаскелерде 48 ымдау тілінің маманы қызмет атқарады. Сондай-ақ, 72 учаскеде 105 азаматқа Брайль қарпімен жазылған трафереттер қолжетімді.
Референдум күні облыс бойынша 492 380 азамат дауыс беруге құқылы.
Тұрғындарға референдум күні мен орны көрсетілген шақыру қағаздары, смс хабарламалар таратылды.
Аймақта азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 179 онлайн сервис жұмыс істейді. Барлығында егов арнайы сервистері қамтылған.
Азаматтарды уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 онлайн учаске (№198 РУ – №5 мектеп-лицей №250 РУ – №261 орта мектеп, №189 РУ – №136 мектеп-лицей, №264 РУ – №264 мектеп-лицей, №347 РУ – №271 орта мектеп) бар.
Маңызды саяси науқанда азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау үшін Қызылорда облысының әкімдігі арнайы 4 сервисті іске қосты.
https://referendum.orda.gov.kz/kk сайты тұрғындар үшін үздіксіз жұмыс жүргізуде. Мұнда азаматтар сайтқа кіру арқылы өз учаскесін анықтап, референдум комиссиясының мекен-жайы, байланыс деректері және комиссия мүшелерінің құрамы туралы ақпаратты біледі. Сондай-ақ, әрбір азамат яндекс карта арқылы өз учаскесіне баратын жолдың сызбасын, такси құнын да көре алады.
Бұл қызметтер «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасында және телеграм https://t.me/referendumKzo_bot желісінде бар.
Референдум кезінде Жедел әрекет ету орталығының 109 бірыңғай байланыс қызметі 24/7 режимінде жұмыс жасауда.
Аймақта 25 қоғамдық ұйым аккредиттеуден өткізілді. Сондай-ақ, саяси партия және халықаралық байқаушыларға дауыс беру процесін байқауға мүмкіндік жасалды.
Азаматтардың белсенділігін арттыру үшін ең жас, ең алғаш болып келген дауыс берушілерге арнайы сыйлықтар үлестірілуде.
Бірқатар учаскелерде келушілерге ұлттық ойындар ойнатылып, мерекелік көңіл-күй сыйлануда.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі