Әкімдіктегі кезекті жиын әдеттегідей жасалған жұмыстарды баяндап, белгілі бір тапсырмаларды берумен ғана шектелмеді. Жиын барысы бүгінге дейін жасалғаннан бөлек, жасалмаған, нақтырағы тапсырылса да нәтижесі жоқ тапсырмаларға арналды. Мониторинг қорытындысына сәйкес, қала және аудандар бойынша бұған дейін берілген тапсырмалардың көрсеткіші сарапқа салынды. Мәселен, жоғарыдан төменге түскен тапсырмалардың 784-і, яғни 54,2%-ы орындалған, 230-ның немесе 15,9%-ның әлі мерзімі бар, 131-і уақытынан кеш орындалған, 131-і ішінара және 170-і мерзімінде орындалмаған.

Орындалмаған тапсырмалардың 71 пайызы 5 мемлекеттік мекемеге тиесілі, олар – Қызылорда қаласының әкімдігі 51 тапсырма (30%), Қазалы ауданының әкімдігі 12 (7%), құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы 24 (14%), энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы 17 (10%), ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы 17 тапсырма (10%).

Осы көрсеткішке байланысты тиесілі тапсырмалар ашып көрсетіліп, аймақ басшысы әдеттегіден де қатаң мінез көрсетті… Бұған дейін де қала және аудан әкімдіктеріне, басқармаларға тиесілі тәртіптік шара көрілгенімен, нәтижесіз екендігі де айтылды. Бұлардың тізімінде көш бастап Қызылорда қаласы мен Қазалы ауданының әкімдері тұр.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған