Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысы өтті.

Аймақ басшысы 2022 жылдың сәуір айынан бастап Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы лауазымын абыроймен атқарып келген Руслан Рүстемовті Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайлануымен құттықтап, сәттілік тіледі.

– «Руслан Рүстемовты аймақ жұрты жақсы біледі. Мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өткен және қай қызметте болмасын өзін білікті басшы, мықты ұйымдастырушы, тәжірибелі азамат ретінде танытып келді.

Руслан Рүстемұлының аймақтың өсіп-өркендеуі жолындағы 30 жылға жуық жергілікті атқарушы органдағы үздіксіз қызметіне шынайы алғысымды білдіре отырып, алдағы қызметіне абырой тілеймін.Алдағы уақытта депутаттық аманатқа адалдықпен қарап, Сенат мінберінен Сыр еліндегі өзекті мәселелердің оң шешілуіне ықпал етіп, туған жеріңіздегі байырқалы бастамаларды қолдайды деп сенеміз», – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы Руслан Рүстемовті Сыр елінің әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен Сыр жұртшылығының атынан марапаттады.

Өз кезегінде Руслан Рүстемұлы облыс әкіміне көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған