Аз ғана уақыттан соң кезекті жаңа оқу жылы басталады. Сондықтан да оқушылардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін білім беру ұйымдарының жоғары дайындықта болуы өте маңызды.

Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісінде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары пысықталды.

Мұхтар Әуесұлы күн тәртібіндегі мәселенің маңызды екенін атап өтіп, бұл мәселе Қазақстан Республикасы Үкіметі мен аймақ басшысының ұдайы назарында екенін жеткізді.

– Жаңа оқу жылында ауданда 3 мектеп директорының орны бос. Бұл мәселе – өте өзекті. Басшысыз мекемеде жұмыстың сапасы мен қызметкерлердің жауапкершілігінің төмендейді. Сондықтан бос тұрған орындарға тезірек басшыларды тағайындау қажет, – деп аудан басшысы бірнеше мектеп пен балабақшалардың басшысыз отырғандығын сынға алды.

Сондай-ақ, білім ошақтарының қысқы жылу беру маусымына дайындығын күшейтуді тапсырды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған