Ал 24 мамырда 1-10 сынып оқушылары Бірыңғай сынып сағатына қатысады.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биылғы мектеп бітіру рәсіміне қатысты түсініктеме берді. 

Оның айтуынша, биыл Қазақстандағы 186 мың мектеп бітірушілері үшін оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау» іс-шарасын 25 мамырда өтеді. 

«Биылғы жылдың түлектері аталған іс шараны жоғары мәдениеттілікпен, ысырапшылдықсыз, даңғазалықсыз, рухани-адамгершілік деңгейінде өткізетіндіктеріне сенімдімін. Бұл болашақ түлектер үшін өнегелі дәстүрге айналған жаңа форматтағы жоғары мәдениетті алғашқы шара болары сөзсіз. Оқу жылын аяқтауды сапалы ұйымдастыру және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша өңірлік білім басқармаларының басшыларына дербес жауапкершілік жүктеймін», – деді оқу-ағарту министрі. 

Ал мектептің 1-10 сынып оқушылары 24 мамыр жұма күні «Білімім Отаныма» тақырыбындағы Бірыңғай сынып сағаттарына қатысады. Ол өткен жылдың қыркүйегінде енгізілген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» шеңберінде қабылданған жоспарға сәйкес ұйымдастырылады. 

Сондай-ақ, министр мамырда «Ынтымақ айы» айлығын өткізу жоспарланғанын хабарлады. Оның аясында «Таза Қазақстан», «Игі істер», «Каникулда кітап оқиық» және тағы басқа шаралар қарастырылған.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған