Жылдағы дәстүр бойынша биылғы жылдың 26 маусымында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесіне орай “Қанатты қалам – 2023” болып өтті. Қаладағы әзірге зәулім ғимараттардың бірегейі Н.Бекежанов атындағы драма театрға жиналған қауым аз болмады. Облыс әкімі Н.Нәлібаев қатысатын іс-шара болғаннан соң басқарма басшылары қатар-қатар қаздай тізіліп отырды. Сондай-ақ ардагерлер де, мекеме қызметкерлері де аз болмады. Зал толы халықты көріп, көңіл бір марқайып қалды. Кім қалай келгенде де, журналистер үшін өз мерекелерін қызықтауға келген көп көрермен бір олжа болды.

Мереке басын құттықтау сөз сөйлеп ашқан аймақ басшысы Н.Нәлібаев мемлекетті қалыптастырудағы БАҚ қызметкерлері қызметін мақтай отырып, журналистерге тарих пен тілді сақтауда, бүгінгіні ертеңге жеткізуге, бүгінгінің шынайы келбетін жасауда үлкен жауапкершілік жүктеді. Сөз соңы марапатқа ұласты. Облыстың Құрметті азаматынан бастап, арасында Журналистер одағының мадақтамаларын тапсырып, соңын облыс әкімінің арнайы сыйлығымен аяқтағанда да жетпістен астам журналист мадақталды.

Мадақтаудан кейін әдеттегідей концерттік бағдарлама қойылды. Концерт арасында театрландырылған көрініс те болды, жастар театрының әртістері халық әні “Он алты қыз” ізімен БАҚ саласында жүрген қыз-келіншектерге әдемі әзіл де арнады. Тіпті сахнада журналистердің өздері де ән салды.

Осылайша мол марапатымен, әдемі әсерімен мерекелік кеш те аяқталды. Кешті ұйымдастырған қоғамдық даму, Мәдениет пен спорт басшысы қызметкерлеріне мың алғыс!

С.БИХОЖА

“Құрметті азамат” атанды

Қызылорда облыстық мәслихатының 24 сәуірдегі II сессиясының №22 шешімімен ақпарат саласында жемісті еңбек етіп, аймақ дамуына үлес қосып жүрген Әбдікәрімов Шәкизада Өтетілеуұлына «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағы берілді.

Шәкизада Әбдікәрімов еліміздің өркендеуіне және рухани дамуына ерекше үлес қосып жүрген елжанды азамат. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері», «Қазақстанның құрметті журналисі», «Белсенді қызметі үшін», «ҚР ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің, «Алаш» әдеби сыйлығының және түркідүниесі ақындарының халықаралық «Ахмет Нешати» сыйлықтарының иегері. Қармақшы ауданының, Қызылорда қаласының Құрметті азаматы.Қорқыт Ата атындағы Қызылорда және «Болашақ» университеттерінің құрметті профессоры.

“ҚҰРМЕТ” ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛҒАНДАР ШИПАЖАЙДА ДЕМАЛАДЫ

Аймақтық «Шарайна-Сейхун» газетінің редакторы, Ардагер журналист ЕЛТАЙ Нұрмахан Назымханұлы; Сарапшы-журналист ШАЛҒЫНБАЕВА Айткүл Жетібайқызы; «Qyzylorda» телеарнасының бас бухгалтері ҚАЙЫРБАЙ Арынғазы Ыбырайұлы; «Сыр Дидары» газеті бас редакторының орынбасары АКМУРЗАЕВА Ирина Мұхамедияқызы; «Сыр медиа» ЖШС директорының орынбасары АРАЛБАЕВ Марат Жайылханұлы; «Qyzylorda» телеарнасы директорының орынбасары ҚАСЫМОВА Айсұлу Жұмабайқызы; «Казинформ» ақпараттық агенттігінің меншікті тілшісі ҮМБЕТ Әділжан Тұрсынбекұлы Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапатталды және облыс әкімінің арнайы шипажайға жолдамасы табысталды.

“АЛҒЫС ХАТ” АЛҒАНДАРДЫҢ 100 МЫҢ ТЕҢГЕ СЫЙАҚЫСЫ БАР

Республикалық «Караван» газетінің меншікті тілшісі ДЕНИСОВА Наталья Николаевна; Хабар-24 телеарнасының меншікті тілшісі ТӘЖІБАЕВА Райхан Тоғызбайқызы; «Жас Алаш» газетінің меншікті тілшісі ДӘУРЕНБЕКОВ Нұрбек Сағатұлы; «Ақмешіт ақшамы» газетінің қызметкері ҚАЛЕНОВА Алтынай Арғынбайқызы; Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторының орынбасары БЕРКІНБАЕВ Ердос Сәрсенбекұлы; «Kyzylorda news. kz» ақпарат агенттігінің тілшісі МАРАТБЕКҚЫЗЫ Аида; «Opennews.kz» ақпарат агенттігінің тілшісі ДӘУІТ АйсараБолатқызы; «Сыр бойы» газетінің тілшісі СӘТЖАНОВ Биболат Сағындықұлы; Облыс әкімінің баспасөз қызметінің бас маманы УМАРОВА Мария Болатқызы; «Qyzylorda» телеарнасының редакторы НҰРЛЫБАЕВА Әсия Қайратқызына облыс әкімінің Алғыс хаты және арнайы 100 000 (жүз мың) теңге қаржылай сыйақы табысталды

АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТКЕ ҚҰРМЕТ АРТТЫ

Ардагер журналист, 40 жылға жуық облыстық «Сыр бойы» газетінде еңбек еткен АҚСАҚАЛОВ Жолдасбек Әленұлы Қазақстан Журналистер Одағының «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ» атағымен марапатталды. Оның Экономика тақырыбында жазған сараптамалары әлі күнге дейін облыстық, республикалық басылымдарда үзбей жарыққа шығып келеді.

МАҚТАУЛЫЛАР МАДАҚТАЛДЫ

«Сыр бойы» газетінің аға тілшісі БАТТАЛОВА Айнұр; «Сыр бойы» газетінің тілшісі САЙЛАУОВ Айдар Әділжанұлы; «Qyzylorda» телеарнасының сарапшы редакторы ӘБДІЛДӘ Елжас Қайырбекұлы; «Ақмешіт апталығы» газетінің сайт бөлімінің шеф-редакторы СЕЙІЛ Айдана Сайдуллақызы; «Qyzylorda» телеарнасының арнаулы тілшісі ТӘЖИЕВ Асқар Сәрсенұлы; «ҚоғамТВ» телеарнасының редакторы ТОРҒАЙ Шапағат Бақытжанқызы Қазақстан Журналистер одағының «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫмен» марапатталды.

МИНИСТРЛІК АЛҒЫС АЙТТЫ

Облыстық «Кызылординские вести» газетінің тілшісі ЖАКИБАЕВА Мира Ақтілекқызы; Облыстық «Сыр дидары» газетінің бас редакторы АЛДАШБАЕВ Сәкен Мінуәрұлы; Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, баспа ісінің магистрі АБДРАЗАХОВА Аягөз Қожамырзақызы; Қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің тілшісі ҚОЖАХМЕТОВА Гауһар Асқарқызы; Облыстық «Кызылординские вести» газетінің тілшісі БАЙШУЛЕНОВ Әлібек Абсатович; Хабар-24 телеарнасының меншікті тілшісі АЛМАСҚЫЗЫ Кристина; Жаңақорған аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторының орынбасары ЖАРЫҚБАЕВ Әлібек; «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ директорының орынбасары ТӘШІМОВ Нұрлан Серікұлы; Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы ЖӘЛИЕВА Жанат Серікқызы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің АЛҒЫС ХАТЫмен марапатталды.

МИНИСТРЛІК ҚҰРМЕТТЕДІ

Облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторының орынбасары ЖАЛҒАСОВА Гүлжазира Тельманқызы; «Qyzylorda» телеарнасының шеф-редакторы ҚҰЛМЫРЗАЕВА Мөлдір Серікқызы; Республикалық «Хабар 24» телеарнасының Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі БЕКЕНОВ Қамбар Ғалымұлы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫмен» марапатталды.

БАСПА МЕН ТАСБАҒА ТАҢБАЛАҒАН…

Құрметті бұқаралық ақпарат саласының қызметкерлері!

Қадірлі сала ардагерлері!

Жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып, әрдайым қоғамдық ахуалдың алғы шебінде жүретін, ақпарат кеңістігінде таңдаған мамандығына адал болып, ұстанымын өзгертпеген, қаламды қасиет тұтқан бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлеріне әркез айтар алғысымыз шексіз.

Қазіргі заманды ақпаратсыз елестету өте қиын. Телеарна мен радио, мерзімді баспасөз және интернет басылымдарының қызметкерлерінің, жалпы алғанда қоғамға жедел ақпарат жеткізетін барлық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің орны ерекше маңызды.

Алаш ардақтысы, көрнекті ағартушы Міржақып Дулатұлының «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы мықты» деп ХХ ғасырдың басында айтқан сөзі ХХІ ғасырда да маңызды.

Қазіргі қоғамның өзекті, әрі шынайы ақпаратқа деген талғамы өте жоғары. Сондықтан да, нақты адами ұстаныммен әрбір жаңалыққа бей-жай қарамай, шындықтың түбіне жетуге ұмтылу журналистиканың негізгі бағыты.

Сыр өңіріндегі бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік билік пен қалың бұқараның арасындағы алтын көпір ғана емес, еліміздің толағай табыстары мен зор жетістіктерінің жаршысы.

Ел дамуының барлық кезеңінде журналистер арқылы халыққа шынайы ақпарат дер уақытында тарап, елдің ертеңге деген сенім артып келеді.

Бұқаралық ақпарат құралдары бұл таспа мен баспаға, интернет пен желіге таңбаланған тарих, бүгінгінің бейнесін болашаққа аманаттайтын мұра, ел өмірін сөзбен мүсіндеген мұражай, маңызды оқиғалар көмбесі.

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев«Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбында Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында: «Масс-медиа – елімізді жаңғырту ісіне ерекше ықпал ететін сала.

Сондай-ақ билік пен қоғам арасындағы пәрменді байланыс құралы. Ақпарат құралдарында түрлі көзқарастар тоғысады. Оны қоғам тынысының барометрі деуге болады. Осы саладағы өзекті мәселелерді шешу үшін ақпарат саясатын түбегейлі қайта қарау қажет», – деді.

Бүгінде елімізде «Масс-медиа» деп аталатын жаңа заң қоғамда кеңінен талқылануда. Бұл жобаның БАҚ өкілдері үшін маңызы зор болмақ.

Шындығында «Газеттің өзі бір күндік, сөзі мың күндік» дегендей, ақпарат құралдарының маңыздылығы күн өткен сайын арта бермек.

Сыр өңірін қаймағы бұзылмаған қазақылықтың, руханияттың қайнаған ортасы дейміз. Сондай киелі ортаның мемлекетшіл, халықшыл, ұлтжанды журналистердің алтын ұстаханасы болуы да заңдылық!

Осы саланың абыз ардагерлері, қалам қуатымен елдің әлеуетін арттыруға зор үлес қосып, халықтың құрметі мен қошеметіне бөленген аға буын журналистер ортамызда.

Сыр өңірінен шыққан жүздеген журналист әлемнің түкпір-түкпірінде, еліміздің әр өңірінде, өз өлкемізде абыройлы қызмет етіп жүр.

Заман талабына сай жаңару мен жаңғырудың жолын ұстанған бұл сала –іргелі индустрияға айналды. Бүгінде облыстың медиа кеңістігінде 148 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс жасауда. Оның 13-і мемлекеттік болса, 135-і тәуелсіз.

Олардың 120-сы газет, 25-сі интернет-сайт пен ақпараттық агенттіктер, 3-еуі телеарна,137- сі облыстық, 2-еуі қалалық, 9-ы аудандық деңгейде ақпарат таратады.

Ұлт болып ұйысуға, мемлекет болып ілгерілеуге бағытталған елдік шаруаларға,Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыруға журналистер қызметі ұшан-теңіз!

Құрметті журналистер қауымы!

Ел өмірінің әрбір жетістігін өз жетістігім деп біліп, қиындығына жүрекпен беріліп, әрбір сәтті қалт жібермеуге тырысатын барша баспасөз, теледидар, радио, интернет басылымдары қызметкерлерінің еңбегіне шығармашылық табыс, денге саулық, шаңыраққа құт-береке, амандық тілейміз.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Облыс әкімі Н. Нәлібаевтың «Қанатты қалам-2023» шарасында сөйлеген сөзінен.

АРНАЙЫ СЫЙЛЫҚ АЛҒАНДАР

«Qyzylorda» телеарнасының директоры ҚАРАБАЛА Жағыппар Аманжолұлы«ТЕЛЕВИЗИЯ ТАРЛАНЫ»; «Тіл сақшысы» газетінің бас редакторы АҢСАТ Сәдуақас Әбдіқадірұлы «ПАРАСАТ»; Республикалық «Айқын»газетінің меншікті тілшісі ЖАЛҒАСБАЕВ Ербақыт Тағыбергенұлы «ӘМБЕБАП ТІЛШІ»; «Qyzylorda» телеарнасының аға телеоператоры ӘЛМЕНОВ Талғат Тұрсынбайұлы«ҚЫРАҒЫ КӨЗ» аға телеоператоры, Республикалық «Тенгриньюс.кз» сайтының меншікті тілшісі МАНАБАЕВА Айнагуль Сағымбайқызы «ЖАҢАЛЫҚ ЖАРШЫСЫ»; «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторының орынбасары ДІЛДӘБЕКОВА Гүлмира Мағлұмқызы «БІЛІКТІ МАМАН»; «Ел тілегі» газеті және республикалық «Жарасымды жанұя» журналының бас редакторы СЫДЫҚОВА Жанар Тұрдыбекқызы «ҚУАТТЫ ҚАЛАМ»; Республикалық «Евразия – 1» телеарнасының меншікті тілшісі ЫСҚАҚОВ Жанғали Нұрғалиұлы «ҚАРЫМДЫ ЖУРНАЛИСТ»; Республикалық «Астана» телеарнасының меншікті тілшісі ҚОЖАХМЕТОВА Мөлдір Тоқтасынқызы «БІРЛІК АЙНАСЫ»; Республикалық «Азаттық радиосының» меншікті тілшісі САЙ[1]МОСАЕВ Оңғар Әлімұлы «СЫН САРДАРЫ»; Республикалық «Inbusiness.kz» ақпараттық агенттігінің меншікті тілшісі БАЙХОДЖАЕВ Махмуд Уилиұлы «СӨЗ ЗЕРГЕРІ»; Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі СОЗАҚБАЕВ Ерлан Әнуарұлы «ЕЛ ТЫНЫСЫ»; Республикалық «Астана» және «31 арна» телеарналарының телеоператоры МАЛИКОВ Жасұлан Бақытбекұлы «ҚАС-ҚАҒЫМ СӘТ»; Әлеуметтік желі белсендісі АШИРБЕК Әділет Абылайұлы (AVE ADIKUS) «ШАҺАР КЕЛБЕТІ»; «Qyzylorda» телеарнасының бас редакторы ТҰҢҒЫШБАЕВА Айнұр Нұрланқызы «ӨТКІР ТІЛДІ ЖУРНАЛИСТ»; «halyqline.kz» сайтының тілшісі АБИМОЛДАЕВ Азамат Саматұлы «ХАЛЫҚ ҮНІ»; республикалық «31арна» телеарнасының меншікті тілшісі НҰРЖАНҰЛЫ Абай «ҚОҒАМ ТЫНЫСЫ»; «Qyzylorda» телеарнасы бас редакторының орынбасары ЕСҚАЛИЕВ Бекзат Нұрғалиұлы «ҮЗДІК РЕДАКТОР»; «ҚоғамТВ» телеарнасының бейнеоператоры ЖҰМАТАЕВ Ерлан Жақсылықұлы «НЫСА[1]НАЛЫ АҚПАРАТ»; Республикалық «Заң» газетінің меншікті тілшісі МАҚАЖАН ГүлбануҮсенқызы «ӘДІЛЕТ ЖАРШЫСЫ»; Шиелі ауданының «Өскен өңір» газетінің тілшісі ДӘТКЕНОВ Ерұлан Балтабайұлы «ІЗДЕНІМПАЗ ЖУРНАЛИСТ»; «Qyzylorda» телеарнасының инженері ОМАҚТАЕВ Разақ Тұрақұлы «АЙМАҚ ЖАРШЫСЫ»; «Ақмешіт жастары» газетінің бас редакторының орынбасары ШАМШАДИН Ерсін Балтабекұлы «ЖАСТЫҚ ЖІГЕР»; «Халық» газетінің дизайнері УМБЕТОВА Айнур Құрманқызы «КӨРКЕМ ГРАФИКА»; «Qyzylorda» телеарнасының бейнемонтажеры БҰҚАРБАЙҰЛЫ Тоқтарға «ҮЗДІК БЕЙНЕМОНТАЖЕР» номинациялары бойынша облыс әкімінің арнайы номинациясы және арнайы 170 000 теңге қаржылай сыйақы табысталды.

Байқау үздіктеріне арнайы ноутбук табысталады

Ақпарат саласындағы қызметі үшін бірнеше Алғыс хаттармен марапатталған ДӘУІТ Олжас Болатұлы; Қазалы аудандық «Қазалы» газеті бас редакторының орынбасары, ізденімпаз, талабы таудай журналист, журналистік зерттеулері мен сараптамалары түрлі байқауларда жүлделі орын алған ӘБДІҚАЛЫҚ Ринат Қайратұлы; Қармақшы аудандық «Қармақшы таңы» газетінің және ақпараттық агенттігінің тілшісі, болашағынан зор үміт күттіретін талантты журналистердің бірі САҒЫНТАЙ Ақнұр Ердүйсенқызы Сағитжан Бермағанбетов атындағы жас журналистер байқауының үздіктері аталды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған