7 қыркүйек күні Қызылорда қаласында  «Халықты деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан қорғау» бойынша қала тұрғындары арасында акция өткізілмекші. Акция «Арай Сити Mall» СҮ – «Универсам» СҮ – Автовокзал – Орталық Алаң – «Жібек жолы» маршруты бойынша өткізілмекші.

7 қыркүйекте өтетін іс-шараның ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын, «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы» жүргізіп жатыр. Аталған, мекеменің мамандарымен байланысу телефондары 400-034, 400-032.

Қызылорда қаласының тұрғындарына  діни экстремизм мен бейтаныс діни ағымдарды жастар арасында тарату идеяларынан құқықтық іңдістермен ескертіліп, таныстырылады. Іс-шараның жүргізілуі барысында экстермизмге қарсы әрекеттердің негізгі аспектілері белгіленді:

  • жас азаматтардыңпатриоттық, саяси, рухани тәрбие алуына ықпал ету;
  • оқушылар мен студент жастардың арасында экстремизмге қарсы іс-әрекеттермен таныс болуы;
  • діни оқытулар мен мен студенттердің діни-экстремистік ұйымдардағы әрекеттері;
  • діни-экстремистік ұйымның Қазақстандағы қызметі;
  • мемлекеттік заңнамалық актілермен таныс болу тақырыбында ақпараттық таныстыру мақсатында брошюралар таратылады.

«Діни экстермизм» терминінің нақты құқықтық  белгіленген «шекарасы» жоқ және ол саяси экстремизм сияқты діни догмалардың арасында қызметін жүргізеді. Діни экстремизмді саяси қызығушылықтарын іске асыру жолындағы,  мемлекеттік және халықаралық құқықты мойындамайтын, зорлық әдістерінің діни лозунгтары ретінде анықталуы мүмкін. Көбінесе ол саяси жағдайларда қолданылады: діни ұйымдардың мемлекетке немесе басшылыққа конфессиялардың бірінің өкілдері билікке келуі.

Акция нәтижесінде келесідей қорытынды жасалады:
– Мемлекеттік билік органдары мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің арасандығы байланысты нығайта түсу, ең алдымен, саяси – діни экстермизмге, терроризмге қарсы күрес;

– Муниципалды органдар ерекше көңілді халықтың ұлттық шыдамдылыққа негіздеп тәрбиелеу, дін және саяси экстремизм мен терроризм идеологяиларын қабылдамауға тәрбиелеу;

– Мемлекеттік деңгейде жастарды әлеуметтік-экономикалық және моралды  қамтамасыз ететін белсенді мемлекеттік жастар саясатын құрып, оны орындау;
– Біздің халықтың рухани байлығына, дәстүріне кең түрде насихат жүргізу: патриотизм, сенімділік, болашақ ұрпақтың тағдырына деген жауапкершілік сияқты мәселелерді қарастыратын жастар арасында акциялар, ток-шоу, дөңгелек үстелдер өткізу, т.б.


«Халықты деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан қорғау» тақырыбы қазіргі таңда өте белсенді айтылуда, сорл себепті Қызылордалықтарды 7 қыркүйек күні өтетін акцияға шақырып, ықпал етулеріңізді сұраймыз.  Себебі, дін қазіргі жастарға әсер ететін белсенді күштердің бірі болып табылады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған