Жалағаш аудандық мәслихатының кезекті 2-сессиясында 10 мәселе қаралып, бекітілді. Сессияда сөз алған аудан әкімі А.Есжанов жоғары тұрған бюджеттерден бөлінген трансферттер есебінен 2023 жылға арналған аудан бюджетінің ұлғайғанын атап өтті.
2023 жылғы аудан бюджеті 8 млрд 755 млн теңге көлемінде бекітіліп, бүгінгі күні бекітілген бюджетпен салыстырғанда 1 млрд. 10 млн. теңгеге артқан. Сондай-ақ, биылғы жылғы бекітілген аудан бюджетінде 25 жобаны іске асыруға барлығы 3 млрд. 160 млн. теңге қаржы бөлінген болса, республикалық және облыстық бюджеттің нақтылауымен 4 млрд 177 млн 800 мың теңгеге жетіп, аудан бойынша 33 жобаны іске асыруға бағытталды.
Нәтижесінде биылғы жылы:
4 елді мекенде 16 көше және 3 аудандық маңызы бар жол толықтай жөндеуден өткізіледі;
Жаңаталап, Қаракеткен елді мекендерінде 5 техникалық су ұңғымасы қазылады;
Жалағаш кентіндегі темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі халық игілігіне пайдалануға беріледі;
“Ақтерек” учаскесі су, электр және газ желілерімен толықтай қамтамасыз етіледі;
«Наркескен» спорт клубы мен аудандық кітапхана ғимараттары қазандықтарын газға қосып, Ақсу және М.Шәменов елді мекендерін газдандыру жұмыстары басталады;
Аққұм және Мәдениет елді мекендері ауыз су желісімен толықтай қамтылады;
Жалағаш кентінде тұрғын үй кезегінде тұрған аз қамтылған 50 отбасына жаңа баспана кілті табысталады;
Мақпалкөл, Далдабай, Жаңақоныс елді мекендеріндегі балалар ойын алаңдарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Жаңадарияда жаңа ойын алаңы бой көтереді;
Мақпалкөл ауылында 1 көшеге тас төселіп, Т.Жүргенов атындағы саябақ абаттандырылады;
Есет батыр және Мырзабай ахун елді мекендерінде дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі;
Аудан бюджеті есебінен Жалағаш кентінің көшелеріне 3 бағдаршам орнатылып, Аққұм елді мекенінің даму сызбасына түзету енгізуге жоба-сметалық құжаттар әзірленед
Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар