Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының еңбек ұжымы «AMANAT» партиясының XXIV съезіне қатысқан делегаттармен кездесті.
«AMANAT» партиясы Теміржол филиалының «Электрмен жабдықтау дистанциясы» БПҰ төрағасы Алпамыс Сагимов Елордада өткен партия съезіне Қызылорда облысынан қатысқан делегаттарды таныстырып, кезегімен сөз беріп отырды. Кездесуге келген депутаттар ел дамуының негізгі бағыттары мен саяси бірлестіктің принциптерін айқындаған идеологиялық құжаттың мазмұнын түсіндіріп, ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалиция форумы жөнінде мағұлмат беріп, өз әсерімен бөлісіп отырды.
-Ел тарихында таңбаланған маңызды оқиғаға қатысқанымыз әрі куәгер болғанымыз бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Коалиция форумында Президент елімізге дәл бүгінгі күні керекті ұлтты ұйыстыратын жеті қағида атап, талдап көрсетті. Болашақта жеті қағиданы әрбір қазақстандық азамат ұстанып іске асырып отырғаны абзал болады. Міне сонда біз ел көздеген әділетті мемлекетке, жоспарлаған мақсат міндеттерге еш кедергісіз жетеміз. Ол үшін жұдырықтай жұмылып, масылдыққа салынбай қайта Отанымызға жемісті қызмет етуге бар күшімізді салып еңбек етуіміз керек –деді облыстық мәслихатының депутаты Мақсұт Нәлібаев.
Келесі сөз кезегін алған республикалық саяси кеңесінің мүшесі Базара Танбаева

  • Әр уақыттың өз талабы болады. Қазіргідей сыртқы әлемдегі тұрақсыз жағдайда, бүгінде әлем экономикасы құбылмалы жағдайды бастан кешудегі шақта оның жағымсыз ықпалына жол бермеу маңызды мәселе болып тұр. Ел Президентінің халыққа арнаған Жолдауында көздеген реформаларды жүзеге асыруда бір болып жұмыла білуіміз керек. Тәуелсіз еліміздің әрі қарай өсіп –өркендеуіне кепіл бола алатын саяси тұлға Президент жанынан табыла білу маңызды деді.
    Жиынға қатысқан энергетиктер қауымыда осы ретте бәріміз бір жерден табылып сөз бен істің үйлесімін келтіріп, ілгері қарай дамуға бірлесіп үлес қосуға шақырды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған