«AMANAT» партиясы «Тұран» филиалының «Өркен» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен білім саласы өкілдерімен және белсенді жастармен кездесу өткізілді. Қатысушыларға «Өркен» бастауыш партия ұйымының төрағасы Байұлов Ғани Бекқожаұлы бастауыш парти ұйымының негізгі қызметтерін және алдағы міндеттерін түсіндірсе, жастар тарапынан ұйымның жұмысын одан әрі дамытуға қатысты бірқатар ұсыныстарын білдірді.Сондай-ақ, кездесуде сөз алған «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Экология жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV Съезінің делегаты Аппазов Нұрбол Орынбасарұлы аталған Съездің жоғары деңгейде өткенін және қатысушыларға берілген жағымды көріністерін жеткізіп, одан әрі алдағы келе жатқан сайлаудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне тоқталды. #AMANAT