Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Егембергенов Айбек Асылханұлы тағайындалды.
Облыс әкімі жаңа департамент басшысын таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
– «Айбек Асылханұлы өзінің алған білімі мен осы кезге дейін жинаған мол тәжірибесін өңірдегі коммуналдық саланың дамуына арнап, тариф тұрақтылығы мен бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыруға ықпал етіп, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және осы салада мемлекеттік реттеу мен бақылау тетіктерін күшейтеді деген зор сеніміміз бар», –деді облыс әкімі.
Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар