Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің келісімдері бойынша облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы лауазымына Қазбекова Мира Жомартқызы тағайындалды.
Облыс әкімі Н.Нәлібаев басқарманың жаңа басшысын таныстырып, Сыр елінің мәдениеті мен спортында бұдан да жоғары нәтижелер мен көрсеткіштерге қол жеткізетініне сенім білдірді.
– «Мира Жомартқызы аймақтың әлеуметтік-саяси ахуалымен жақсы таныс, мемлекеттік қызметте мол тәжірибе жинақтаған, облыстың мәдени-рухани өмірін дамытуға зор үлесін қосып жүрген және мәдениет саласын жақсы меңгерген білікті маман.
Басқарманың аймағымыздағы саяси- мәдени және спорт саласын дамытуда алға қойған өзіндік міндеттері бар.Оның ішінде жерлесіміз, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар, «Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты халықаралық фольклорлық музыкалық фестивалі, композитор Кеңес Дүйсекеев атындағы «Туған жер» халықаралық әншілер байқауын өткізу, республикалық және халықаралық турнир мен чемпионаттарды абыроймен атқарып, облыстың озық дәстүрін сақтауды қалыптастыруға тиіс.
Сізге өңір өркениеті үшін жаңадан басталған Өнер орталығы, Стадион құрылыстарының талапқа сәйкес іске қосылуын тиісті салалық құрылымдармен бірге қатаң бақылауды тапсырамын», – деді аймақ басшысы.
Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар