Қызылорда қалалық сотына талап қоюшы И. жауапкер «Полиция департаменті» мемлекекеттік мекемесінен 300 000 теңге моральдық зиян және 220 000 теңге мүліктік залал өндіру туралы талап қоюымен жүгінді.

Талап қоюшы полиция қызметкерінің заңсыз әрекеттерінен 34 500 теңге айыппұл салынып, жеке меншігіндегі автокөлігін емін-еркін пайдалану құқығынан айырылғанын, шағымына заңды жауап алғанша бір айға жуық уақыт бойы тән азабын шегіп, өзіне мүліктік және моральдық зиян келгенін көрсеткен.

  Сот дәлелдемелерді зерделей келе, талап қоюшының талабын ішінара қанағаттандырды.

 Талап қоюшының пайдасына жауапкерден 70 000 теңге мүліктік шығын, 100 000 теңге моральдық зиян, 150 000 теңге сот шығыны, 2 425 теңге мемлекеттік баж, барлығы 322 425 теңге өндіріп алу туралы  шешім шығарылды.

Қызылорда қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған