«AMANAT» партиясы республикалық мобильді қабылдау тобының өңірлерге сапары жалғасып жатыр. Кеше Сыр өңіріне келген партиялықтар Жалағаш, Сырдария аудандарына қарасты Бұхарбай батыр және Қалжан ахун ауылдарында болып, елдегі ағайынның мұң-мұқтажын, ұсыныс – пікірін тыңдады. Мобильді қоғамдық қабылдау шарасын партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова ашып, республика және облыс орталығынан арнайы келген мобильді топ өкілдерін таныстырды. Өз кезегінде сөз алған «AMANAT» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты Алпамыс Әбенов қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсатына тоқталып, түсіндірме беріп өтті. «AMANAT» партиясы мобильді қабылдау жұмысын өткен жылдан бері жүзеге асырып келеді. Мұндағы негізгі мақсат облыс орталығынан шалғай орналасқан елді мекендерді аралап, ондағы тұрғындардың өтініш – тілектерін тыңдап, ауылдағы қордаланған мәселелердің шешімін табуға ықпал ету», – дейді республикалық мобильді топ мүшесі Алпамыс Әбенов.

Қос ауылда ұйымдастырылған көшпелі қабылдауға 100 жуық ауыл тұрғыны келіп, партияға сенім артты. Олар жұмыспен қамту, ауыз су, аяқ су, жол, амбулатория салу, балаларға арналған ойын алаңдары, электр желілерін жаңғырту, ауылды абаттандыру, қайтарымсыз несие алу секілді елге ортақ мәселелерді сөз етті. «Бізде су желісі 2014 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында салынған. Қазіргі таңда ауыз су беретін құрылғысы істен шыққан. Қазіргі таңда ауыз су беретін мұнарасы істен шыққан. Осы ауыз су мұнарасын ауыстыруға ықпал жасасаңыздар»,- дейді Бұхарбай батыр ауылының тұрғыны Сайдулла Серікбаев. Ал, Қалжан ахун ауылындағы қабылдау барысында жеке емес елдік мәселені көтерген ауыл тұрығын Пірман Талғат елді мекендегі электр желілерін жаңарту қолға алынса»,- деді.Мобильді қабылдау барысында Қалжан ахун ауылдық округінің электр желілерін жаңартуға жоба сметалық құжаттары дайын болғаны анықталды.Мобильді топ өкілдері тарапынан ауыл тұрғындарының әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйіткілді мәселелерінің заңдылық аясында шешілуі бойынша жұмыстар атқаратындығы жеткізіліп, бағыт-бағдар мен кеңестер берілді. Қабылдау соңында ауыл ақсақалдары өз ризашылықтарын білдіріп, мобильді топ өкілдерінің алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.Жалпы өткен жылы партияның облыстық филиалының ұйымдастыруымен өңірде 22 ауылдық округте мобильді қабылдау өтті. Мұндай қабылдаулар жыл соңына дейін өңірдегі шалғай жатқан 12 елді мекенде өткізілетін болады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған