«AMANAT»: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫНЫҢ САПАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін ҚР Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясының фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов алдымен партияның қалалық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың талап-тілегін тыңдады.

Қабылдауда балаларды мектепке даярлауға мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақының мардымсыз екенін, базардағы мектеп құрал-жабдықтарының бағасы барған сайын қымбаттап жатырғанын алға тартты. Мұнан бөлек «А.С.Пушкин кітапханасы» орналасқан пәтер тұрғыны аталған тұрғын үйді жөндеу жұмыстарынан өткізу керектігін айтса, іргетасы ескірген пәтер тұрғындары да үй кезегінің мәселесі бойынша мәжілісменге жолығып, қанағаттандырарлық жауап алды.

Мұнан соң мәжіліс депутаты Қызылорда қалалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысына қатысты. Отырыстың күн тәртібінде сайлау науқаны кезінде азаматтардан түскен ұсыныстар мен тілектердің орындалуы, 2023-2027 жылдарға арналған партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында қаралған іс шаралардың орындалу барысы және «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылуы туралы мәселелер қаралды. Басқосуда жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша ұсыныстар айтылып, пікірлер тыңдалды.

Мұнан бөлек фракция мүшесі темір жол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстарын зерделеп, одан соң №3 ІТ-лицейінің қосымша ғимаратының және «Аналарға тағзым» орталығының құрылысымен танысты.

#AMANAT

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған