Ақтөбе облысының су тасқынынан зардап шегіп, қиын жағдайда қалған тұрғындар бір реттік төлем ала алады.

Төлем алу үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша қалалық немесе аудандық жұмыспен қамту бөліміне хабарласу керек. Ақтөбе қаласы мен Әйтеке би ауданы тұрғындары үшін төлем мөлшері 300 мың теңге. Қалған аудан тұрғындарына 369200 теңге төлем төленеді.

Штаб комиссиясы қорытындысы негізінде алдымен Төтенше жағдайлар департаментінен су тасқынынан зардап шеккендігі жөнінде анықтама алып, сосын оны төлем алу үшін жұмыспен қамту орталығына өткізу керек.

Оң нәтиже болған жағдайда төлем 3 жұмыс күні ішінде төленеді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған