Кешегі сайлауда Қызылорда облысына мажоторлық сайлау бойынша Парламент мәжілісіне мандат бойынша бір орын бөлінді.

Шынын айту керек, бір мандатқа әркімнің де бар таласы деп он бес адам бірдей үміт етті. Олардың 10-ы өз-өзін ұсынғандар. Саяси партия үміткерлері де бар, кәсіпкерлер де жоқ емес. Кәсіпкер демекші, бұл сайлауда тәуелсіздіктің алғашқы жылдары әралуан кәсіп ашып, елді таңырқатып танымал болғанымен, соңғы жылдары ел көзінен сырт кеткендер де, сондай-ақ енді ғана іс бастап кәсіптің дәмі таңдайына енді тигендер де бар. Әдетте, ұсынылған тізімінде кімдер бар екен деген сұрақ тұратыны анық. Елге әке есімімен танылған Шаухаманов Нұрлан Сейілбекұлы, жыр елі деп жарнамалататын Сыр еліндегі жыраулық дәстүрдің өкілі ғана емес, нағыз жанашыры Б.Саймағанбетов те өздерін-өздері ұсынып, талап еткендеріменен әрқалай себептермен өз-өздерін қайтадан алып тастады.

Кешегі шақырылымда облыстық мәслихат депутаты болған “Ақжол”-дың қызылордалық өкілі Ж.Пірманов та жергілікті мәслихаттан Парламентке көтерілгісі келген ниет білдіргенімен, партия ұсынысынан әріге аспады. Өзін-өзі ұсынған, уақытша жұмыссыз, ер жасы елудегі А.Жұмаділов те ұсынуға емеурін білдірумен шектелді.

Бұл додада ақырына дейін барғанын әркім әрқалай айтты. Жалпы осы додада кім неден үміт етті деген жалпы сұрақтың болғаны да рас. Кім білген біреу тендерден, біреу қызметтен дегендей, көпшілігі Парламент депутаты болуға дәрмені жетпейтінін біле тұра додаға түскені шындығында да әрқалай күмәнді ойларға жетелейтіні анық. Кешегі шақырылымда Мәжіліс депутаты болған, қазір уақытша жұмыссыз, кезінде облыс әкімінің орынбасары, аудан әкімі болған Ғ.Әміреевтің де көп дауыс жинауға әлі келмегенінен-ақ, тіркеуден өткен он үміткердің көпшілігінің құр әуре болғаны белгілі. Тіпті дода соңында жинаған дауыс санына орай олардың әлденені саудаласуға да шамасы келмей қалғаны шындық.

Кезінде кәсібінен бөлек әйел туғызатын фельдшерлігімен, үлкен жерден келген үлкен меймандарды күтіп алатын қонақжайлылығымен, балықтан әртүрлі дәмді ас әзірлей білетін аспазшылығымен де танымал А.Қозбақов кәсіп көрігін қыздырып, ет өнімдерін шығарып лапша дайындайтын цех ашып, оны базарда сатқанымен бүгінгі сайлауда сөзі мен бірге өзі де өтпегендердің қатарында қалды.

Бұл сайлауда үміттерін үкілеген үміткерлердің үгіттерінің халықтың жүрегіне жетпей қалған жайы да бар. Әрі олардың көпшілігі бұрыннан танымал емес болғандықтан, бұл жолғы додада танымалдықты ақшаға да сатып ала алмады. Дегенменен кестеде көрініп тұрғандай үгітке кім көп қаржы жұмсады, соның дауысы көп болды.

Дей тұрғанмен он үміткердің арасынан басым дауыспен жеңіп шыққан, кезінде Қызылорда қаласы әкімі, облыс әкімінің орынбасары, Арал ауданы әкімі қызметтерімен елге белгілі Жайымбетовтың жеңісі елдің билікке деген, елде жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси реформаларға деген сенімін көрсетсе керек. Сондай-ақ, халық арасында сын айтылғанымен “Аманат” партиясының тұрғындар арасындағы беделін де байқатса керек. Ақыры сайлау ақшасы әңгіме болғаннан кейін саяси партиялардың да бұл додаға қанша қаржы салғанын айта кетейік. “ХалықБанк” деректері бойынша “Amanat” 1049996,6; “Ауыл” 755008,2; “Pespublica” 374300; “Қазақстан халық партиясы” 459368,5; “Байтақ” 54203,8, “Ақжол” 605435,3; «ЖСДП» 209800,0 мың теңге сайлау қорына түскен.

Түскен ақшаларға зер салғанда ерікті аударым, қайырмалдық жасау жағынан “Amanat”-тың асығы алшысынан түскені байқалады. Оның қаржысының басым бөлігі ерікті аударымдар. “Ауылдың” да жанашырлары көбейіп тұр екен. 755008,2-нің 330000,0-і ғана партияның өз қаражаты. Бір таңқаларлығы “Халық партиясын” азаматтар мен ерікті ұйымдар қаржыландырды десе болады. 459368,5-тің 100-і ғана партиянікі, қалғаны елдікі. “Байтақтың” аз қаржысының өзі өзінікі. “Ақжолдың” да, ЖДСП-ның да жанашырлары жоқ емес.

Осы сайлауда байқалған бір тұс кім-кім болса да есеп пен үнемге қатты қарағаны. Әлде сайлау көп қаражатты қажет етпеді. Әйтеуір саяси партиялардың да қорға түскен қаржылары жеке тұлғалардікі сияқты біраз үнем болды. Қорға түскен қаражаттың жұмсалу жағын таратып айтар болсақ, “Amanat” 794045,1, “Ауыл” 577265,6, “Pespublica” 372952,1, “Халық партиясы” 323868,1, “Байтақ” 48105,3, “Ақжол” 586917,4, ЖСДП 208694,6 мың теңгесін жұмсаған. Қаражаттың басым дені негізінен үгіт-насихат жұмыстарына кеткен. Байқалып отырғанындай сайлауда ақша да көп мәселе шешеді.

№21 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан РеспубликасыПарламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларықаражатының түсуі және жұмсалуы туралы есеп

№ р/нІс-шаралардың атауларыКузбаков Аралбай МолдашовичКыдырбаев Аралбай ЖаксылыковичАмреев Галым МахмутбаевичДүйсенбек Баян СабырқызыШахаров Ажнияз ИманзадаевичДауренбеков Нурбек СагатовичКаржаубаев Нуркен МешитбаевичЖайымбетов Мархабат ЖайымбетовичТуребаев Мухит МуратбековичПазилов Сабит Бексейтович
1Кандидаттың сайлау қорына қаражат түсімдері, оның ішінде:122,3805,03 000,01 000,0500,01 500,00,0006 000,00,0000,000
  1.1Сайлау қорына кандидаттың өз қаражаты, (1-тармаққа сәйкес. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»ҚР Конституциялық заңының 92-1-бабы, 3-тармағы)  0,000805,0  1 000,0  1 000,0  0,000  0,000  0,000  6 000,0  0,000  0,000
  1.2Республика азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырмалдықтары (2-тармаққа сәйкес. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 92-1- бабы, 3-тармағы) оның ішінде.:  0,000  0,000  2 000,0  0,000  0,000  0,000  0,000  0,000  0,000  0,000
1.2.1Азаматтардың ерікті қайырымдылықтары122,30,0000,0000,0000,0000,0000,0000,0000,0000,000
1.2.2Республика ұйымдарының ерікті қайырымдылықтары0,0000,0000,0000,0000,0001 500,00,0000,0000,0000,000
2Кандидаттардың сайлау қорының қаражатын жұмсау, оның ішінде:122,3804,6506,6886,6298,41 500,00,0004 660,40,0000,000
2.1Кез келген тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуге беруге0,0000,0000,0000,0000,0000,0000,0000,0000,0000,000
2.2Сайлау алдындағы жария іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге0,0000,000300,00,0000,0000,0000,0000,0000,0000,000
2.3Баспа, аудиовизуалды және өзге де үгіт материалдарын шығаруға және (немесе) таратуға112,0465,60,000491,1176,20,0000,0001 839,40,0000,000
2.4Үгіт жұмысын ұйымдастыру бойынша заңды және жеке тұлғалардың қызметтеріне ақы төлеуге10,30,0006,630,0122,21 500,00,0001 871,00,0000,000
2.5Көлік және іссапар шығыстарын жабуға0,0000,000200,00,0000,0000,0000,0000,0000,0000,000
2.6Баспа материалдарын, сондай-ақ сайлау науқаны үшін арнайы жасалған басқа белгілер мен белгілерді тегін тарату үшін өндіруге0,000339,00,000365,50,0000,0000,000950,00,0000,000
 Сайлау қорының жалпы қалдығы0,0000,42 493,4113,3201,60,0000,0001 339,00,0000,000

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған