Өткен ғасырдың отызыншы жылдары «Темір-Нарком» атанған Темірбек Жүргеновты иісі қазақ түгел білетіні сөзсіз. Ол — Қазақстан мен Орта Азия республикаларындағы оқу-ағарту, мәдениет және әдебиет саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан көрнекті және қоғам қайраткері, сыншы-көсемсөзші.

Биыл осынау Алаштың ұлы тұлғасының туғанына 115 жыл толып отыр. Жалпы алғанда, Темірбек Қараұлының мемлекет қайраткері ретіндегі тұлғасын одан әрі жан-жақты сомдау үшін осы саладағы қызметімен қатар әдеби-публицистикалық мұрасын да түбегейлі зерттеп, мәдениетіміз бен әдебиетіміздің тарихында алатын орнын нақпа-нақ белгілеу міндеті, парызы кейінгі ұрпаққа жүктелгені айдан анық. Мінеки, осы үдеде студент шағынан ізденіп, публицистикалық мұрасын әдебиетші ретінде терең талдап, тұңғыш рет диссертациялық деңгейде зерттеген Бауыржан Иманғалиев жақында «Темірбек Жүргенов» атты үлкен еңбегін қалың оқырманға ұсынды. Зерттеуші, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Бауыржан бұл төрт жүз елу беттік кітабында мұрағаттарда, кітапхана қорларында сақталған Т.Жүргеновтың құнды еңбектерін алғаш рет түпнұсқа негізінде  араға жетпіс жылдай уақыт салып оқушыларымен қайта табыстырды. 1937 жылы 26 қыркүйекте «Халық жауы» деп қара күйе жағылып, қапыда атылып кеткен қайран бабамыздың халқына, ұлтына жасаған еңбегі ұшан теңіз.

Бес тараудан тұратын кітапта Т.Жүргеновтың қырлары жан-жақты ашылған. Өкініштісі — осындай бағалы еңбектің бар болғаны 1500 данамен шыққандығы. Мемлекет тарапынан биылғы 115 жылдық мерейтойында ұлы тұлға жайлы осы кітап қайта шығарылса артық емес. Кітапты шығаруға демеушілік қолдау көрсеткен белгілі қоғам қайраткері, кәсіпкер, ардақты азамат —Шаһарбек Усманов. Бұл азамат, өздеріңіз білесіздер, Сейітқұл баба, Әйтеке би кесенесін де көтеруге үлкен үлес қосқан. әдебиетінің төрт тірегінің тек бірегейі, қайраткер-қаламгер.  

Т.Жүргеновтың әдеби мұрасы туралы болмақ. Оның жазушылық, публицистикалық қызметін қайраткерлік қызметінен, қалам сапасын қайраткерлік сапасынан бөліп алып қарауға келмейді, қоғамдық-әлеуметтік қызметі біршама зерттелсе де, Т.Жүргеновтың қаламгерлік қарымы назардан тыс қалып келеді. Себебі оның қаламгерлік қабілеті мемлекеттік қызметінің тасасында қалды. Темірбек — Шығыс пен Батыстың мәдениетін тең игерген жаңа толқынның өкілі. Ол кезінде Ырғыз бен Сыр бойы аралығын жайлаған қалың елге белгілі болған, ел ұстаған билік иесі, өз заманының талабын аңғара білген көзі қарақты жан Қара Жүргенұлының бел баласы. Осындай дәулетті, тәрбиелі ортада өскен Темірбек өз кезеңі үшін тиянақты білім, ұлағатты тәрбие алды: дәстүрлі халықтық ортада тәрбиеленді, ұлттық психологияны, саз бен сөз мәдениетін ананың сүтімен, атаның қанымен бойына сіңірді. Жас Темірбектің ұстаздар жағынан да жолы болды.

Дильназ Темірғали

Қорқыт ата Университетінің 3 курс студенті

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған