Қазіргі таңда жастар – қоғамның қозғаушы күші, ел болашағының тірегі. Әрбір жас азамат Қазақстан Республикасының Конституциясы талаптарын білуі және құрметтеуі тиіс. Конституция – біздің құқықтарымыз бен бостандықтарымыздың кепілі, әділдік пен заң үстемдігінің негізі.

Белсенді азаматтық ұстаным – тек сайлауға қатысу ғана емес. Ол – заңды сақтау, қоғам өміріне араласу, еріктілікпен айналысу, өз ойыңды ашық білдіру және ел дамуына үлес қосу. Жастардың құқықтық сауаттылығы артқан сайын, қоғам да нығая түседі.

Бүгінгі жас – ертеңгі көшбасшы. Сондықтан әрқайсымыз Конституцияны құрметтеп, заң мен тәртіпті басты қағида ретінде ұстанайық. Өз құқығымызды біліп қана қоймай, өзгенің құқығын сыйлау – нағыз белсенді азаматтың белгісі.

Еліміздің жарқын болашағы – саналы да жауапты жастардың қолында!

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған