Облыстық ««QYZYLORDA» телеарнасына тиесілі болды. Телеарна тұтқасын бірнеше жыл ұстаған Жағыппар Қарабала абыроймен зейнетке шығып, басшылықты жаңа буынға табыстады.

Бұқаралық ақпарат саласы мамандарының қатысуымен өткен жиында Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Ақпарат саласының үздігіне ізгі лебізін жолдап, Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасын табыстады. Тіпті, қазақы дәстүрмен шапан киігізіп, құрмет көрсетті.

Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаев:

– «Құрметті жағыппар Аманжолұлы, сіз басшылық жасаған жылдар ішінде облыстық телеарна бәсекеге қабілетті, қаржылық жағдайы тұрақты, телевизиядағы соңғы тенденцияларды батыл меңгерген арналар санатына қосылды. 2005 жылы небәрі 8 сағат эфирге шыққан телеарна бүгінде тәулігіне 14,5 сағат үзіліссіз хабар таратады.

– Сіз білікті мамандар тәрбиелеп шығарған мықты ұстазсыз. Телеарна қабырғасынан түлеген Дана Рысмұхамедова, Ғалымжан Бәйімбет, Құрманәлі Қалмахан, Бағдат Әбдіқожаева, Нұрбек Әмиша, Рауан Мыңбаев секілді 50-ден астам журналистер мен телеоператорлар шетелдерден жаңалық таратып, республиканың беделді БАҚ-тарында абыройлы қызмет етуде. Сіздің шәкірттеріңіз тек БАҚ саласында емес. «Сыр жұлдыздары», «Таңшолпан» тележобалары арқылы бүгінде халықтың сүйікті әншісіне айналған жұлдыздардың өнердегі тұсауын да өзіңіз кестіңіз. Қазіргі қазақ эстрадасының көрнекті өкілдері Гүлнұр Оразымбетова, Мәдина Сәдуақасова, Өмірқұл Айниязов, Бибігүл Жанұзақ, Алмас Кішкенбаев және өзге де өнер жұлдыздары – сіздің продюсерлік қызметіңіздің жемісі, деді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған