Қазақстан Республикасының Әкімшілік-рәсімдік процестік кодексінің 127-бабының 3-бөлігі бойынша сот процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттерді орындамайтын тұлғаға, оның ішінде сот белгілеген мерзімді дәлелсіз себептермен бұза отырып дәлелдер ұсынылған, тапсырмалар орындалған жағдайларда, егер бұл әкімшілік істі қараудың созылуына алып келсе, әрбір әрекет (әрекетсіздік) үшін он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолданылады.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының іс жүргізуінде талап қошы акционерлік қоғамның жауапкер коммуналдық мемлекеттік мекемеге әкімшілік актіге дау айту туралы талабы бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Сот істі қарау барысында талап қоюшы өкілдеріне  төмендегілерді негізге ала отырып, ақшалай өндіріп алу туралы қорытындыға келді. Талап қоюшы өкілдері 2024 жылдың 4 сәуіріне дейін сотпен талап етілген құжаттарды 2024 жылдың 5 сәуіріндегі ашық сот отырысы кезінде ұсынған. Сонымен қатар, сот отырысы кезінде талап қоюшы ретінде талап қоюды нақтылау туралы арызын бере отырып, өзінің құқықтарын теріс пайдаланған.

Нәтижесінде, сот әкімшілік процестің басқа қатысушыларын осы құжаттармен таныстыру үшін үзіліс жариялауға мәжбүр болды, бұл өз кезегінде істі қараудың созылуына алып әкелді.

Осылайша, сот талап қоюшы өкілдері тарапынан өзінің іс жүргізу құқығын теріс пайдалану және істің нақты мән-жайлары туралы сотқа дәлелдемелер беру жөніндегі іс жүргізу міндеттерін уақтылы орындамауының орын алуы салдарынан, сот әкімшілік сот ісін жүргізудің нормаларына сүйене отырып, жоғарыда айтылғандардың негізінде, белгіленген мән-жайлар мен заңнама нормаларын ескере отырып, акционерлік қоғамның әрбір өкіліне республикалық бюджеттің кірісіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды жүктеді.

Ақшалай өндіріп алу заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру ретінде сот ісін жүргізу міндетін іске асыруға ықпал етеді.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған