Іс-шара ТОО «Семізбай Ю» ұжымының қатысуымен өтті.

Кездесу барысында конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары жан-жақты баяндалып, олардың елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы және азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудегі маңызы айтылды. Әсіресе, қоғамдық диалогты дамыту, мемлекеттік басқаруда ашықтықты арттыру және халық пікірін ескерудің тетіктері кеңінен түсіндірілді.

Жиында Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Ысмағұлов Болатбек Әбдулхайысұлы сөз сөйлеп, реформалардың стратегиялық мәніне тоқталды. Сондай-ақ, қоғамдық даму бөлімінің басшысы Есенбаев Кенжехан Шахизатұлы  өзгерістердің мазмұны мен күтілетін нәтижелері туралы нақты ақпарат берді.

Шара соңында қатысушылар өз сауалдарын қойып, ашық пікір алмасты.

Осындай мазмұнды кездесулер азаматтардың құқықтық сауатын арттырып, ел болашағына деген жауапкершілікті күшейтеді.

Егемен еліміздің іргесі берік, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған