РАМАЗАНДАҒЫ ТІЛЕУ

Бекі бейпіл ауыздар,

Байлан найсап нәпсілер!

Бұл айда бір маңыз бар-
Ғажайыбын тапсын ел!

Ашырқа боқ қарындар,

Шөлде кеуіп аңқалар!

Бедел болма лағылдар,

Бедел болма қамқалар!

Таңғы Азанның дауысын,

Түгел тыңда, Мұсылман!

Пенде өзін танысын,

Тарауық пен ғұсылдан…

Садақалар сап түзеп,

Мұқтаждарға ағылғай…

Қазағымның бақты ізет,

Дұғасынан табылғай!

Орындалғай парыздар,

Кеңейгей тар пейілдер!

Уа, Жаратқан, жұртыма

Шапағат шаш, мейір бөл!

Ұлыс бақты, төрт түлік ақты болсын! Ораза қабыл болсын, ағайын!

Мақсат Дауылбайдың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған