Құрметті жастар, қымбатты менің достарым!
Есірткі – бұл қоғамымызға қауіп төндіретін ең күрделі мәселелердің бірі. Ол тек жеке адамның денсаулығына ғана емес, отбасына, айналасына, тіпті елдің болашағына үлкен зиян келтіреді. Есірткіге тәуелділік – өмірдің бақытсыздыққа ұрындырушы жолы.
Есірткіден бас тарту – өзіңнің денсаулығыңды сақтап, армандарыңды жүзеге асыру үшін маңызды қадам. Әрқайсысымыз өз өміріміздің иесіміз. Сондықтан жаман әдеттерден аулақ болып, денсаулығымызды нығайтуға тырысайық.
Біз, жастар – еліміздің болашағымыз. Күшіміз бен жігерімізді пайдалы, дұрыс бағытта жұмсайық. Спортпен айналысып, білімге ұмтылып, тек жақсы әдеттерді қалыптастырайық.
Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілі. Қоғамды зиянды әдеттерден қорғау – әрбір азаматтың саналы түрде таңдауы мен жауапкершілігіне байланысты. Ұлы Абайдың «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» деген сөзіндей, өмірлік жолдарыңызда дұрыс қадам жасап, тәртіпке бағынған кезде ғана болашақтарыңыз жарқын болады.
Есірткіден алыс болу – өмірімізді сақтап, қоғамды қауіпсіз етуге қосқан үлесіміз. Бірге болашақ үшін есірткісіз қоғам құрайық!
Жақсылық Жанерке Жомартқызы
Қармақшы ауданы, Төретам кенті
Т.Жүргенов атындағы №80 мектеп-гимназиясының
9-сынып оқушысы