QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Қызылорда- қарқынды құрылыс алаңы

Автор:QAA.kz

Дек 15, 2020

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Наушақызы мен шаһар басшысы Нұрлыбек Машбекұлы қаладағы бірнеше нысанның ашылу салтанатына қатысты.

Алдымен қалаға қарасты Тасбөгет кентіне аяқ басқан қонақтар мен көрермендер кент орталығындағы 172-ші мектептің маңына аялдады. Білім ордасының алдына орнатылған қоғам қайраткері Н.Ергешбаевтың ескерткіш бюстінің ашылу салтанаты өтті. Шарада сөз сөйлеген қонақтар, қоғам белсенділері Нәлқожа Ергешбаев жайлы жылы ойлар мен естеліктер айтты. Сондай-ақ, Н.Ергешбаев атындағы 172-ші мектептің ішінде қоғам қайраткеріне арналған мұражай ашылды. Бұл жақта өресі биік тұлғаның өмірдерегі мен естеліктері қойылған.

Тура шетелдік мектеп секілді

Білім жаңалығы бұнымен тәмәмдалмай артынша «Зерде» интеллектуалды мектебінің ашылу салтанатына қатысты. Қала көркіне онан самай сән беретін, керемет білім орнының ішінде барлық жағдай жасалған. Сырт көзге сәл шетелдік нақыш сықылды болып та көрінеді. 120 қызметкерді жұмыспен қамтымақ. Мектепті салуға ықпал еткен «Нұрай» ЖШС-нің директоры, кәсіпкер, меценат Сейітқали Бегманұлы.

«Баршаңызды алдымен еліміздің ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Білім беру саласына республика тарабынан да, өңір тарабына да көңіл бөлініп келеді. Мектептер заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Ұстаздардың да әлеуетін арттыруға жұмыстар жасалуда. Онлайн сабақ ұйымдастыруға мектептің 14000-ға жуық компьютерлері оқушыларға берілді. Биыл 300 және 500 орындық мектеп салынуда»,-деді Гүлшара Наушақызы.

Аталған мектептің ішінде спорт зал, би алаңы, асхана, теннис залы, компьютер класы бар. Соңғы үлгідегі заманауи мектептің сырты қандай керемет болса, беретін білімі де керемет болары сөзсіз.

Оңнан солға бет алдық

Қаламыздың сол жағалауында қарқынды құрылыс жүргізілуде. 1532 гектерды құрайтын аумақ оң жағалаудан өзгерек. Бұрын соңды болмаған ғимарат түрлері мен бірнеше орталықтар ашу көзделуде.

Десе де, алдымен халықтың әлеуетін бір жақты етіп, оларға берілетін тұрғын үйлер санын арттыруға қомақты шаруалар атқарылуда. Осы орайда облыс әкімі сол жағалаудағы 40 пәтерлік 2 тұрғын үйдің пайдалануға берілгеніне куә болды.

«Соңғы жылдары аймағымыз қарқынды құрылыс алаңына айналды. Биылғы жылы облыста барлық қаржыландыру көздерінен 1946 пәтерді құрайтын 98 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Қызылорда қаласында жыл басынан бері 580 пәтер пайдалануға берілді. Жыл аяғына дейін 680 пәтерді құрайтын 14 арендалық үйлердің құрылысы аяқталмақ. 2021 жылы СПК-70 мөлтек ауданы бойынша 13 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Жаңа баспаналарыңыз құт пен берекенің ортасына айналсын»,-деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Аймақ басшысының қолынан білім және мәдениет қызметкерлері пәтер кілтін алып, өздерінің алғыстарын білдірді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *