Моральдық зиян – жәбірленушіге келтірілген жан азабы мен тән азабы. Егер азамат құқықтары бұзылды деп есептеген жағдайда, моральдық зиян өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

Моральдық зиянның мөлшерін анықтаған кезде, құқық бұзушылық зардаптарының ауырлығы мен өзге де назар аударуға тұратын мән-жайлар ескеріледі.

Қызылорда қаласының  тұрғыны К. есімді әйелдің 13 жасар ұлы бала кезінен екінші топтың мүгедегі.

   Өткен жылдың жаз айында подъезге шыққан баланы азаматша А.  белгісіз себептермен  ұрып-соғып, денсаулығына зиян келтірген. Осы әрекеті үшін әйел сот  қаулысымен  кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сараптама қорытындысына сәйкес, осы оқиғадан мүгедек баланың мойын аймағы жұмсақ тіндерінің соғылғаны, білек, тізе аймағының сыдырылғаны анықталған.

   Баланың анасы  осы оқиға орын алғаннан бері бала үйден шығуға қорқып қалғанын айтып, әйелдің кешірім сұрамағанын және қандай да бір көмек бермегенін, баласын уайымдағаннан жан азабын тарқанын көрсетіп, Қызылорда қалалық сотына жүгініп, моральдық зиян өндіріп беруді сұраған.

   Сот шешімен моралдық зиян өндіру жөніндегі талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, мүгедек баланың құқығы қорғалды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған