Соңғы уақыттағы кенеге байланысты эпидахуал, кене шаққанның кесірінен адам өлген жағдайлар қоғамда қызу талқылануда. Өкінішке орай кенеден залалсыздандыру, оған қарсы күресетін сала мамандары бір-біріне сілтеп, жауапкершілікті сезінбеуде. Амал жоқ облыс әкімі өзі төрағалық еткен мәжілісте бұл мәселеге де баса назар аударды. Аймақ басшысы мердігерлер жұмысындағы кемшіліктерді атап көрсетті.

Алдағы күзгі залалсыздандыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуі және оны ветеринария мамандары бақылауы керек. Мал қоралардың механикалық тазартылуы үнемі қадағалауда болуы тиіс. Аймақ басшысы жауапты басшыларға науқастарды ерте анықтауды, кененің көбеюіне не себеп болғанын зерттеуді, қолданыстағы заңдылықтарды басшылыққа ала отырып, үнемделген қаржы есебінен қосымша анықталған елді мекендерді шұғыл залалсыздандыруды, кенеден қорғану шараларын насихаттауды тапсырды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған